Түркістан облысында 50 медициналық ұйым тұрғындарға стационарды алмастыратын көмек қызметтерін көрсетеді. Жалпы төсек саны – 2811. Сонымен стационарды алмастыратын көмектің түрлерінің бірі – гемодиализ жасау. Бұл қызметті өңірде облыстық клиникалық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, Жетісай аудандық орталық ауруханасы, «IDSenim» ЖШС, «REN clinik» ЖШС, «Шымдиал» ЖШС, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығы, «Мед Алатау» ЖШС, «Сұлтанәжі» ЖШС,» көрсетеді.

