Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Асқар Мамин: Әлеуметтік шаралар нақты мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған
    Әлеумет

    Асқар Мамин: Әлеуметтік шаралар нақты мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.07.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша стратегиясының жалғасы болып табылатын әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

    ҚР Үкіметінің отырысы кезінде 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке және 2017 – 2021 жылдарға арналған, шағын несиелендіру құралдарын кеңейтуге, гранттар бөлуге, қысқа мерзімді оқытуға және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған   «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобалары қабылданды. Жұмыссыздарды өнімді жұмыспен қамтуға тартудың маңыздылығын ескере отырып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін кеңейтуге қосымша 50 млрд теңге қаралады.

    «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру — ҚР Үкіметінің жұмысының негізгі бағыты», – деді Асқар Мамин. Министрлер кабинетінің бірінші кезектегі міндеті — әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бірден кірісу, оларды уақытылы орындау үшін барлық ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шараларды шұғыл жүргізу. Бұл азаматтардың материалдық әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

    ҚР Үкіметінің басшысы мемлекеттік органдарға бір апта ішінде азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдалану тетіктерін айқындауды, азаматтардың кепілсіз тұтынушылық несиелері бойынша жинақталға айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруды тапсырды.

    Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдарды іздеу мен бос жұмыс орындарын толтырудың белсенді форматына көшу арқылы Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын жетілдіруді тапсырды.

    Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыты бойынша мемлекеттік органдарға жұмыс істейтін жастар арасында тұрғын үй бөлу тетігін бекітуді аяқтауды және тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті несиелер беру тетігін іске қосуды жеделдету тапсырылды.

    «1 қыркүйектен бастап тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5 мың нысаналы білім гранты қосымша бөлінеді, жұмысшы мамандықтарының стипендиясы 30 пайызға артады», — деді Асқар Мамин және осы гранттарды беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

    Барлық өңірлердің әкімдеріне бүкіл нормативтік рәсімдерді қатаң сақтау, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мониторинг жүргізу тапсырылды.

    Тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту шараларымен қамтуды арттыру үшін ҚР Премьер-Министріне Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Түркістан облыстарының оң тәжірибесін ескерумен тұрғындардың табысын арттыру үшін өңірлердің скринингін іске асыру жоспарын және әдістемесін әзірлеу тапсырылды. Скрининг базасында кәсіпкерлер мен үй шаруасындағы әйелдерге сауалнама жүргізу қамтамасыз етіледі.

    «Қабылданып жатқан шаралар ең алдымен нақты мұқтаж азаматтарды қолдауға, оның ішінде жастарды қолдауға, сондай-ақ адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған, — деді ҚР Премьер-Министрі. — Біздің азаматтарымыздың проблемаларын шешу көп жағдайда үйлесімді жұмысқа байланысты».

    primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.