Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Арыстық 340 бала Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларына саяxатқа аттанды. Нақтырақ айтсақ, 200 бала Нұр-Сұлтанға, 140 бала Көкшетау қаласына барады. Саяxаттың барлық шығындарын екі қаланың әкімдігі өтемек. Балалармен бірге жауапты ретінде 20 тәлімгер де бара жатыр. Таңғы сағат 7:30-да Шымкент қаласындағы темір жол вокзалынан Қызылорда-Петропавл поезына мініп кеткен оқушыларды шығарып салуға Түркістан облыстық білім басқармасының қызметкерлері келген.
Саяxат бағдарламасына сәйкес, алып жүретін гидтің болуы, көліктің қолайлылығы, оқушыларды вокзалдан күтіп алу мен шығарып салу, тамақпен қамтамасыз ету сынды қызметтер көрсетіледі. Саяxат барысында оқушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет ошақтарын аралап, танысады.
Саяxаттың мақсаты — төтенше жағдай факторларының әсері нәтижесінде мектеп оқушыларының псиxологиялық тұрғыда көмек көрсету, сабырлыққа, жанашырлыққа шақыру. Оқушыларға еліміздің бас қаласы — Нұр-Сұлтан қаласы жөнінде мәлімет беру. Елордадағы зәулім ғимараттармен таныстыру, ғимараттың мән-мағынасын түсіндіру. Саяxат арқылы оқушылардың ой-өрісін, қиялын дамыту, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Еліміздің бас қаласында өтетін оқушылардың демалысы қызықты әрі пайдалы өтеді деген сенімдеміз. Балалардың да қуанышында шек жоқ.