Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Қызылорда облысының әкімі тағайындалды
    Әлеумет

    Қызылорда облысының әкімі тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.06.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қызылорда облысы әкімі қызметіне Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    «Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

    Қ. Ысқақов 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын — инженер-құрылысшы, Қызылорда политехникалық институтын бухгалтер-экономист, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1986-1988 жылдары Ауғанстанда Кеңес жауынгерлерінің шектеулі құрамында әскери борышын өтеген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда жиһаз фабрикасында бірінші разрядты станокшы ретінде бастаған. 1993-2003 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінде маман, инспектор, сектор меңгерушісі, төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2003-2011 жылдары  Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің бастығы, 2011-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2015 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы  лауазымында болды.2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарған Көшербаев Қырымбек Елеуұлы Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

    Дереккөз: ҚазАқпарат.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.