Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында өңіріміздің бірқатар журналистері Қоғамдық атақтар және марапаттар жөніндегі Республикалық кеңесі тағайындаған «Қазақ журналистикасының қайраткері» құрметті атағына ие болды.
Еліміздің руханияты мен мәдениетін және ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға зор үлес қосып келе жатқан бір топ белгілі қаламгерлер – «Алғабас» аудандық газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Абзал Әділбеков, белгілі жуналист Шаһаризада Дәнеева, Қазақстанның Құрметті журналисі Ағабек Қазанбай, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің белді қызметкері Серікқали Жексенбаев және «Жалын» журналының меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Сабырбек Олжабай «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағына ие болды.
Суретте: Абзал Әділбеков
Суретте: Шаһаризада Дәнеева
Суретте: Ағабек Қазанбай
Суретте: Серікқали Жексенбаев
Суретте: Сабырбек Олжабай