ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрі арыстықтармен жүздесті. Төтенше жағдайда қалған ағайынға жасалынып жатқан жағдаймен танысып, xалықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Арыс тұрғындары алпауыт жарылыстан сескенгендері соншалық, көпшілігі туған жеріне баруға қорқып қалған. Мұндай жарылыстың қайта орын алмайтындығына кепілдік жоқ», — дейді xалық.
Бірақ, Бердібек Сапарбаев:»Мемлекет басшысы 1 ай ішінде Арысты қайта қалпына келтіруді тапсырды. Баспаналарыңыз толықтай күрделі жөндеуден өтеді. Қару-жарақ сақталған жер асты қоймасының орны ауыстырылады. Сондықтан, сабырлық сақтаңыздар. Тіркеулеріңіз сонда болғандықтан, Арысқа қайтасыздар. Дәл қазір Шымкентте дайын үй жоқ. 37000 адам баспана кезегінде тұр. Біз мұнда бір топ болып келдік. Арыстағы жағдаймен танысып, мәселелерді шешеміз»,-деді.