Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Арыста өрт толық сөндірілді
    Әлеумет

    Арыста өрт толық сөндірілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.06.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында құрылған жедел штабта Арыстағы төтенше жағдайдан кейінгі атқарылған жұмыстар және қаланың қазіргі жай-күйі жөнінде баспасөз мәслихаты өткізілді. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласында өрт сөндірілгенін мәлімдеді.

    «Қаладағы негізгі көшелер мен алаңдардың бәрі тексеріліп, тазаланды. Біздің сапер мамандарымыз 500-дей снаряд қалдығы мен жарылғыш заттарды тауып, залалсыздандырды. Қорғаныс министрлігі тарапынан тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау бағытында тиісті шаралар атқарылуда. Енді біз қаладағы барлық үйдің ауласын толық тексереміз. Дәл қазір қалаға ешкімді кіргізе алмаймыз. Бұған тұрғындардың түсіністікпен қарауын өтінеміз. Арыстықтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс», – деді ол.

    Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасы Владимир Беккер қауіп бұлты сейілгенін, алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.

    «Кейбір ақпарат құралдарында адамдар із-түссіз жоғалды деген ақпарат тарады. Бұл негізсіз екенін мәлімдеймін. Бастапқыда көшу барысында тұрғындар бір-біріне хабарласа алмай, қиындықтар кездескен болатын. Қазір ол мәселе шешіліп, туыстар да, балалар да табылып жатыр. Сонымен бірге әлеуметтік желілердегі ірі жарылыс болатыны, суқоймалардан су жіберілетіні туралы қауесеттер де жалған. Қазіргі таңда облыстағы суқоймалар тұрақты режимде жұмыс істеп тұр және ол жұмыс режимін өзгерту туралы жоспар жоқ. Сондықтан ресми расталған деректерге ғана сенулеріңізді сұранамыз», – деді ол.

    Ал еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин Арыс қаласында радиация жоқ екенін айтты.

    «Ең бірінші біздің мамандар Арыс қаласында дезинфекция жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық орындар, қоқыс контейнерлері, нысандар толық тазаланады. Қаладағы ауызсу жүйесі қатаң қадағаланады. Су құрамы, құбырлар тексеріледі. Эвакуациялық орындарда да мамандарымыз жұмыс істеп жатыр. Жалпы Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты», – деді.

    Сондай-ақ баспасөз мәслихатында  ветеринар мамандар Арыстағы үй ауласында қалған төрт түлік бойынша жұмыс жүргізетіні айтылды.  Өлген мал залалсыздандырылып, заңға сәйкес өтемақы беру жолдары қарастырылады.

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев алдағы үш күнде эвакуациялық қабылдау орталықтарының жұмысы күшейтіліп, гуманитарлық көмек беру шарасы жалғасатынына тоқталды. Осы игі іске атсалысып жүрген барша азаматтарға алғысын айта келе Арыс қаласындағы нысандар қалпына келтіріліп, тұрғындардың жағдайы жасалатынын жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.