Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Арысқа көмек: Ассамблея мүшелері құны 15 млн. теңгеден асатын көмек көрсетті
    Әлеумет

    Арысқа көмек: Ассамблея мүшелері құны 15 млн. теңгеден асатын көмек көрсетті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.06.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Арыс қаласында төтенше жағдай жариялана салысымен Шымкент қалалық және Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеялары жедел штаб құрып, эвакуацияланған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді бастап кетті. Тәулік бойы жұмыс істеп жатқан штаб жұмысына өңірдегі барша ассамблея мүшелері мен ерікті жастар жұмылдырылған.
    Штаб алғашқы сәтте Арыс қаласынан халықты көшіру үшін 3 автобус, 2 жүк көлігі жөнелтіп, зардап шеккен жандарға 5 литрлік 3900 бөтелке таза су мен азық-түлік таратты.
    Бүгінде дейін Шымкенттегі «Қазақстан халқы Асссамблеясы» ғимаратында ашылған штабтың қабылдау бекетіне жиналған құны 15 10000 теңге болатын азық-түлік, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттар эвакуациялық бекеттерге жөнелді. Қиын сәтте этномәдени бірлестіктердің мүшелері 20-дан астам отбасыны өз үйлеріне алып, қамқорлық танытты. Сонымен қатар, Шымкенттегі №53,56,61,122,26 мектептерде және №1 саңырау балаларға арналған интернатта орналасқан азаматтарды күнделікті ыстық тамақпен қамту жұмыстарын жүргізуде. Ассамблея жанындағы медиаторлар мен психологтар апат аймағынан келген азаматтармен әңгіме жүргізіп, психологиялық көмектерін көрсетуде.
    — Арыс қаласында орын алған апат арыстықтардың ғана қайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Қиын сәтте барша халық Арыс тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келген келген жәрдемін беріп жатыр. Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері де күн-түн демей жұмыс істеуде. Қазір бекеттерде орналасқан азаматтардың сұранысы — киім-кешек, көрпе-төсек пен гигиеналық заттар жеткізіп жатырмыз. Осылай жұмыла жұмыс істесек, біз жеңбейтін қиындық жоқ — дейді ассамблея мүшелері.
    Штаб төрағасы Мұратәлі Қалмұратов гуманитарлық көмек көрсету шаралары жалғаса беретінін айтады. Қазір еліміздің барлық аймағынан ассамблея мүшелері өз қолдауларын білдіріп, гуманитарлық жүк тиелген көліктерін жіберіп жатыр. Ассамблея мұнан әрі күнделікті көмекпен қатар, зардап шеккен жандардың баспаналарын қалпына келтіру бағытында жұмыс істемек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.