Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АРЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСЫП, ТИІСТІ КӨМЕКТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
    Әлеумет

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АРЫСТАҒЫ ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСЫП, ТИІСТІ КӨМЕКТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.06.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Арыс қаласындағы төтенше жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына келіп, жағдаймен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Ел басшысына жағдайды баяндаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы штаб құрылып, қала тұрғындарының жаппай көшірілгенін хабарлады.

    Арыстағы жарылыстан кейін қаланы толықтай облыс әкімінің өзі аралап шыққан. Атап айтқанда, балалар бақшасы, қалалық аурухана, аудандық ішкі істер бөлімі ғимараты, тұрғын үйлерді өз көзімен көріп, келтірілген шығынды есептеуді тапсырды.

    Жақын орын тепкен ауылдық округтер мен аудан орталықтарында 15 эвакуациялық бөлімшелер ашылды. Эвакуациялық бөлімшелерінде тіркелген адам саны – 2218. Зардап шеккендер ас-ауқатпен және уақытша баспанамен қамтамасыз етілді.

    ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетовтың басшылығымен Ордабасы ауданы, Ақжол ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепте және Арыс қаласында қала әкімі Мұрат Қыдырбековтың басшылығымен екі штаб ашылды. Штаб құрамына облыс және қала әкімдігінің басқармалары мен жедел қызмет жұмылдырылды.

    Сондай-ақ Ордабасы және Отырар аудандарында 2 госпиталь да жұмыс істеуде.

    Соңғы мәліметке сәйкес, Арыс қаласында зардап шеккендер саны 52-ге жетті. Оның 34-і ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауыр жарақат алса, бір адам қайтыс болды.

    Бөген суқоймасы үнемі бақылауда болғандықтан, одан келер қауіп жоқ.

    Қазіргі таңда арыстықтарға көмек көрсету мақсатында, облыс әкімдігі жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының есеп-шоты ашылды.

    Атап өтейік, Арыстағы жарылыс бойынша 24 маусым сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің басшылығымен шұғыл топ құрылып, Арыс қаласына барып тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    ​

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.