Жайлауымыз жағалас, төрт түлігіміз қоралас жатқан Қызылорда өңірінің халқы да көмектерін аямауда. Арыстықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде олар да дер кезінде игілікті шара қолданыпты. 2 жүк көлігін қажетті азық-түлікке толтырып, Шымкент қаласына арнайы келген. Күні ертең, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың тікелей қадағалауымен тағы 1 жүк көлігі жөнелтілмек.
Бүгін 1 тонна көлемінде сүт өнімі және тұрмыстық заттар алып келінген.
«Төртеу — түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Ағйынның ауызбіршілігі осындай тірліктерден көрінеді. Мінекей, жалпы қауымның тілегі мен ниеті бір екендігінің куәсі болып отырмыз.