Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Арыс: Эвакуация сәтті жүзеге асырылды
    Айғақ TV

    Арыс: Эвакуация сәтті жүзеге асырылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.06.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Арыстағы жарылыстан кейін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев әлеуметтік нысандар мен үйлерді өзі аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты. Атап айтсақ, жарылыстан зақым келген балабақша, қалалық аурухана, ішкі істер бөлімі және тұрғын үйлерді аралап көрді. Келтірілген шығын көлемі үкіметтік комиссия жұмысынан кейін анықталады.

    Кеше, 2019 жылдың 24 маусымында сағат 10.00-де Арыс қаласындағы 3 орында жиналу бекеттері пункттері ашылды. Ақдала, 41 разъезд және Водозабор деп аталатын  аумақтарға жиналған тұрғындарды әскери көліктер мен автобустар қауіпсіз аймақтарға көшірді. Жалпы саны 105 көлік жұмылдырылды. Эвакуациялау жұмыстары арқылы ауыр шығындардың алдын алуға мүмкіндік туды.

    Арыс қаласында 45 мың тұрғын бар. «Бөген» суқоймасы қатаң бақылауда тұр және одан келер қауіп жоқ.

    Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы және Отырар аудандарында 2 госпитал жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендердің көпшілігі Шымкент қаласында орналасқан облыстық аурухана және өзге де емханалардың көмегіне жүгінді. 70 адамға медициналық көмек көрсетілді.  2 адам қаза тапты.

    Қала аумағын түн бойы ұлттық гвардияның 580 сарбазы мен 345 полиция қызметкері күзетті. Олар ұрлық-қарлықпен айналысып жүрген 3 адамды ұстады.

    Бүгінде барша қазақстандықтар тарапынан көмек көрсету жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр.

    Өңірдің кәсіпкерлері төтенше жағдайдан зардап шеккендерге ақшалай және заттай көмек көрсетуге әзір екендерін айтты.

    Зардап шеккендерге ұзақ мерзімге сақтауға жарайтын азық-түлік, ауыз су және үйлерін қалпына келтіруге арналған құрылыс материалдары қажет. Атап айтсақ, терезелер мен өзге де жабдықтар бойынша қолдау күтеді.

    Бүгін жақын ауылдар мен аудандардан азық-түлік пен киімдер жеткізіліп жатыр. Мемлекеттік мекемелер бір күндік жалақыларын Арысқа аударуда. Облыс әкімі Арыс қаласы тұрғындары атынан қайырымды азаматтарға алғыс айтады.

    Жедел штабтың және өзге де ынталы топтардың қызметі төтенше жағдай толық шешімін тапқанша жалғасады.

    Төтенше жағдайға байланысты 22 қоныстандыру орны ашылды. Бұл орындарда 3566 адам бар. Оның 623-і – балалар. Көшірілген тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Аудан, қала әкімдіктері жүктелген міндетке сай жұмыс атқаруда. Тұрғындарды эвакуациялық орындарға жеткізуін қадағалауда.

    Қоныстандыру орталықтарының жұмысы төтенше жағдай толық шешімін тапқанша жалғасады. Қазіргі таңда Арыс қаласына кіру қауіпті. Жан-жағы қоршалған. Бұл мақсатта ҚР Ішкі әскерінің 1800 әскери қызметкері және 50 техника жұмылдырылған.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.