Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ардагерлер қауымы Қазақстан халқына үндеу жариялады! Арыс қаласында төтенше жағдайдың зардабынан жапа шеккендерге қолдан келгенше қолдау білдіріп, өскелең ұрпаққа үлгілі іс насихат етуге шақырды.
Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен
«Ардақты ардагерлер! Арыс қаласында болған оқиға — күллі қазаққа ортақ қасірет. Бұл сынақта жел сөз бен арандатуға ермей, жалған ақпаратқа сенбей, сабырмен жеңуге» шақырды. Осы тұста, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан облысына Арыстықтардың жағдайын өз көзімен көруге жедел ұшып келген болатын. Істің басы-қасында болған ардагерлер ел тізгінін ұстаған азаматтың осынау қиын сәтте халықтың ортасынан табылып, қолдау білдіргені баршамызға үлгі дейді. Эвакуацияланған тұрғындарға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ардагерлері де қаражат жинап, көмек көрсетуге кірісіп кетті. Арыстықтармен бірге екенін білдіріп, амандықтарын тілеп отырған ардагерлер: «Қазақстан халқын бір үйдің баласындай, бірлікте жұмыс атқарып, ынтымағы жарасқан, руханияты кемел, пейілі даладай кең ел екендігімізді тағы да дәлелдейік! Бұл ісіміз өскелең ұрпаққа үлгі болсын» — деп Үндеулерін аяқтады.