Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкентке келді
    Әлеумет

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкентке келді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үкімет басшысы сапары барысында жергілікті нысандар мен көліктің инфрақұрылымының жұмысымен танысты. Премьер-Министр алдымен қаладағы кәріз-тазарту жүйелерінің аумағында болып, қалдық суды тазарту жүйесін көріп, қалдықтан электр энергиясын алатын биогаз қондырғысының жұмысымен танысты. Айта кетейік, қала тұрғындарының кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі  бүгінде 49,1% құрап отыр. Қала аумағында 2 кәріз тазалау нысаны жұмыс атқаруда. Олардың қатарында — «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қуаттылығы  тәулігіне 150 мың м3 / құрайтын кәріз тазалау имараты мен «Су және канализация басқармасы» МКК-ның қуаттылығы  тәулігіне 500 м3  құрайтын Тоғыс кәріз тазалау имараты бар.

    Жалпы, қалада  қолданыстағы қуаттылығы 80 мың м3/тәулігіне құрайтын кәрізді тазарту имараты (КТИ) 1983 жылы пайдалануға берілген. Онда 2016 жылы қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 150 мың м3/тәулігіне қуаттылыққа жеткізілді.   Қаланың солтүстік бөлігінің қарқынды дамуына байланысты кәрізді тазарту имараты 100% жүктемеде жұмыс атқаруда. Осыған байланысты, Бас жоспарға сәйкес қаланың алдағы уақытта дамуына қосымша 2 кәріз тазалау имаратының (КТИ) құрылысын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Олардың  құрылысы ішкі кәріз жүйелерінің пайдалануға берілуі ескеріліп, кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Айта кетсек, қазіргі таңда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі толығымен әзірленді. Сараптама қорытындысын 1-ші тамызда алу жоспарлануда. Қорытындысына сәйкес, алғашқы нысанның жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 115 млн теіге, ал №2 кәріз тазалау имаратының жобалық құжаттамасын әзірлеуге 45 млн теңге қаржы қарастыру қажет. Қалалық бюджеттен оңтүстік және солтүстік бөлігіндегі 2 магистралдық кәріз коллекторы құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге  қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда, Ұлағат, Мирас шағын аудандарынан бастап Арғынбекова көшесі бойымен №2 кәріз тазалау имаратына дейнгі кәріз коллекторының құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны 3,6 млрд теңгені құрайды.

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкенттегі жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған «Shymkent bus» автопаркіне барып, ондағы автобустарға мініп көрді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет басшысына жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету барысын баяндады. Еске салсақ, Шымкентте Қала күні қарсаңында жаңадан «Shymkent bus» муниципалды автопаркі ашылған болатын. Онда жоспарланған 300 автобустан 160-і әкелінген еді. Қалған 140 автобус шілде айында жеткізілмек. Жалпы 2020 жылдың наурыз айына дейін тағы 700 автобус келеді деп күтілуде. Қала басшылығы осылай таяу уақытта қоғамдық көлікке қатысты барлық мәселелер шешілетіндігін айтады.

    «Айғақ-Ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.