Қазақстан Республикасының Президенттігіне кезектен тыс сайлауы барысында Шымкент қаласы №152 сайлау учаскесіндегі жәшікте 5 бюллетеннің бірге бүктеліп жатқаны жайында ақпарат тараған болатын. «Айғақ» арнасы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында сайлау учаскесіне жедел түрде барды.
Анықталғандай, аталған сайлау учаскесінде ешқандай кемшілік орын алмаған. Барлығы әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр. Әр сайлаушыға заң талабы бойынша бір-бір бюллетеннен берілген болатын. Қазіргі таңда сайлау жұмыстары өз жүйесімен жұмыс жасауда, телеарна журналистері бұл жайтқа көз жеткізіп қайтты.