9 маусым — Қазақстандықтар үшін ерекше дата. Өйткені бүгін Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекет басшысын анықтайтын сындарлы сәт. Шымкент қаласындағы 200-ден астам сайлау учаскелері бұл тариxи жайтқа сақадай сай десек те болады. Ал, Әл-Фараби ауданына қарасты №92 сайлау учаскесінде ҚР Презиенттігін сайлау процесі таңғы сағат 07:00-де басталды. Сайлау учаскесіне ең алғаш болып мегаполис мэрі Ғабидолла Әбдіраxымов келіп, өз таңдауын жасады. «Еліміз үшін маңыздылығы орасан зор бұл күнде, өз таңдауыма дауыс беру үшін, арнайы бірінші келуді жоспарладым»-дейді қала әкімі. Аталмыш учаскеде 2504 сайлаушы тіркелген. Оның 35-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал, берілген бильютендер саны 2529 болса, 7 байқаушы саяси сәттің заңға сәйкес жүруін бақылайтын болады. Дәл қазір мұнда 11 қызметкер жұмыс істеуде.