Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы барша қазаққстандықтарды жоғары азаматтық белсенділік пен еліміздің қазіргі және болашағы үшін жауапкершілік танытуға, сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауыңызды жасауға шақырады.
Егер сайлау күні Сіз сайлау учаскесіне денсаулық жағдайы бойынша немесе отбасының ауру мүшесіне күтім жасау себебінен келе алмасаңыз, сондай-ақ сайлау учаскесі құрылмаған шалғай және жету қиын жерде болған жағдайда, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Өтініштер 2019 жылғы 9 маусым сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
Қазіргі уақытта бүкіл ел және шетел бойынша 9967 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Түркістан облысындағы сайлау учаскелерінде де қызу жұмыс таңғы 7:00-ден басталып кетті. Облыс орталығының тұрғындары да бұл науқанға белсенділікпен атсалысуда.