Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Сайрам ауданында заманауи үлгідегі мұражай салынуда
    Бас ақпарат

    Сайрам ауданында заманауи үлгідегі мұражай салынуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.03.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңадан мұражай салынып жатыр. Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша бой көтеріп жатқан нысанның жалпы құны –86 млн. 492 мың теңге. 2018 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің Сайрам ауданына ұйымдастырған пресс-туры кезінде журналистер осындай игі істің куәсі болды.

    «Мұндағы шаруалар күз айларында басталған. Ауа райына байланысты құрылыс қарқыны аздап баяулады. Алайда күннің ерте жылынғанын пайдаланып, тиісті жұмыстарды дер кезінде атқарып алдық. Қазіргі таңда негізгі шаруалар аяқталды, ішкі әрлеу ісіне кірістік. Сәтін салса, сәуір айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 26 азамат тартылған. Қолданып жатқан қажетті материалдардың барлығы өзіміздің елден шыққан өнімдер», – деді учаске бастығы Батыр Төлегенов.

    Сала мамандарының сөзінше мұражайды салудағы мақсат – тарихы тереңде жатқан аудандағы құнды жәдігерлерді, өңірдің тарихынан сыр шертетін түрлі тарихи бұйымдарды жинақтап, бір жерге шоғырландыру. Заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан ғимаратта құнды дүниелерді ұзақ сақтау үшін мұражайға лайық барлық талаптар сақталатын болады. Айта кетейік, тарихи атауды иеленген ауданда бұрын-соңды арнайы салынған мұражай болмаған.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

     

      

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.