• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Астанада Қазақстанның ең қайырымды жандары марапатталды

27.02.2019
0
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған жомарт жандарға арналған қайырымдылық шарасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шараның мақсаты — қайырымдылық идеясын насихаттау және азаматтық бастамаларды белсенді дамыту. Байқауға өтінім төрт ай бойы, яғни 2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін еліміздің барлық облыстарынан қабылданды. Және оған әлеуметтік, қоғамдық проблемалардың шешілуіне өз үлесін қосып жүрген және қайырымдылық жасап, игі істермен айналысатын адамдар қатысты. Марапаттау салтанаты бүгін Астанада өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының директоры Дариға Назарбаева, сондай-ақ көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, меценаттар қатысты.

«Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 97 адам қатысты және бұл тек басы ғана. Біз жеңімпаздарымызды ірі мегаполистерден де, кіші ауылдардан да іздедік. Олар елдің болашағына алаңдайтын, қиын жағдайда қол ұшын созуға дайын қарапайым адамдар. Сіздердің есімдеріңізді әр қазақстандық білуі тиіс. Сіздерге қарап жастар бой түзесін. Отандастарымыз үшін сіздер секілді адамгершілігі мол азаматтарды үлгі етіп көрсету біздің мақсатымыз», — деді Д. Назарбаева. Сонымен «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары бес номинация бойынша анықталды: «Асар» аталымында Қарағанды облысының тұрғыны Сымбат Елікбаева жеңімпаз атанды. Ол терімен жұмыс істейді, ұлттық нақышта зат шығарады. Сымбат үнемі балалар үшін ақысыз шеберлік сабақтарын ұйымдастырады;

«Туған жер» номинациясында Атырау облысының тумасы Арман Хайруллин жеңіске жетті. Арман табиғатты қорғауға атсалысып жүрген азамат. 2017 жылы Атырау қаласында көшеттерді тарату және отырғызу бойынша (10 мың көшет) акция ұйымдастырды. «Жасыл» бастамаларды одан әрі жалғастыру мақсатымен «Атамекен Эко» қоғамдық қорын құрды; «Батыл жүрек» номинациясында ақмолалық Ұлдана Совет жүзден жүйрік шықты. Жеңімпаздың жасы небәрі — 10-да. Ол 2017 жылғы қарашада жанып жатқан үйден кіші інісі мен екі сіңлісін алып шыққан;

«Мейірім жолында» номинациясында Алматы қаласының тұрғыны Расима Темербаеваның еңбегі еленді. Ол жасы мен денсаулығына қарамастан, қарияларды күнделікті тамақтандырады. Бүгінде оның күніне 400 түскі асқа арналған екі тамақтандыру орны қызмет етеді; «Қайырымдылық тарихы» номинациясында СҚО-ның тұрғыны Александра Кондратова жеңімпаз деп танылды. «Неделя СК» газетінде жұмыс істейтін журналист қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек сұрап, ондаған мақала дайындады. БАҚ-та көптеген мәселелердің көтерілуі арқасында мұқтаж адамдарға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, атаулы номинациялардан бөлек, Президент қорының арнайы сыйы тағайындалды. Біріне Равиль Насифулин ие болды. Ол қажетті құралдарды өзі сатып алып, ескі компьютерлік техникадан компьютер, ноутбук құрастырады. Кейін оларды жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүгедек, ауыр дертке шалдыққан балаларға сыйлайды.

Келесі сыйлық Сайра Матайбаеваға берілді. Ол 2016 жылы өз қалтасынан 5 млн теңгеге, 2017 жылы 12 млн теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оның көмегімен Астана қаласы іргесіндегі Қосшы ауылында 200 балаға арналған мектеп тұрғызылып жатыр. Онда әдетті сыныптардан өзге, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сынып пен түрлі үйірмелер жүргізетін барлығы 12 кабинет ашылады деп жоспарлануда.

Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар, «Оқжетпес» емделу-сауықтыру кешеніне жолдамалар сыйға тартылды. Айта кетсек, бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының және Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының ұйымдастыруымен айтулы шараның басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.