• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Сағынтаев «ұшқан» Үшарал

25.02.2019
0

Әр адамның туған жері — дүниедегі ең қадірлі мекені. Көпшілігіміз ауылда дүниеге келіп, қара топырағында асыр салып өстік. Жусаны мен жуасының иісі әр азаматты осы туған мекеніне тартып тұрары ақиқат. 90 жылдық тарихы бар Үшарал құм дала. Түркістан облысындағы Созақ ауданымен шекаралас жатқан елді мекеннен 13 Социалистік Еңбек Ері шыққан десек, бәлкім сенер-сенбесіңізді білмей таңырқарсыз. Бірақ, ол рас. Солардың бірі дүниеден өткеніне 30 жылдан асса да ауылдастары ғана емес, еліміз ардақ тұтатын Әбдір Сағынтаев. Еңбек етіп кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де елі ұмытпаған тұлғаның сыры неде?..

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда қатарластарымен бірге қолына қару ұстап Отан қорғаған жауынгер Сағынтаев Үшарал елді мекенін гүлдендірген қаһарман. Соғыстан кейінгі заман. Ел-жұрт есін әлі жия қоймаған, көпшілік тамаққа тойынбаған мезгіл. Сондай қысылтаяңда Әбдір Сағынтаев құмды аймақтың экономикасын көтеру үшін білегін түріп еңбек еткен ер. Сарыағаштағы Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын бітірген маман асыл тұқымды мал зауытын басқарып, қаракөл қойын өсіріпті. Қаракөл елтірісін экспортқа шығарып, атағы асқақтап тұрған ауылда сол тұста үш қабатты мектеп салынады. Бүгінге дейін қаз-қалпында сақталып, қолданыста жүрген алтын ұяның іргетасы Әбдір Сағынтаевтың ықпалымен тұрғызылыпты. Сондықтан ердің еңбегін ескеріп, 2000 жылы Үкіметтің қаулысымен Әбдір Сағынтаевтың есімі мектепке берілген. Үшаралдың тыныс-тіршілігімен танысуды құп көрген біздерді ауылдың қариялары әуелі білім ошағына жетелеп алып барды. Болашақ ұрпақ білім алып жатқан ғимаратқа кіргенде Үшаралдан түлеген танымал азаматтардың суреттері көзге түсті. Арғысын тізбей-ақ, бергісіне тоқталсақ. Үкіметті екі жарым жыл басқарған Бақытжан Сағынтаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлмира Исимбаева, Үсен Жетенов, академик, қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді, Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша басшысы Нұрлан Қамбатыров, Шардара ГЭС АО директорлар кеңесінің мүшесі Көпбосын Құдайбергенұлы, ақын Күләш Ахметовалар осы ауылдан шыққан. Осы түлектермен оқушылар мақтанғанда, қалдырған іздің өшпейтінін тағы бір ұғындық. Қазақта «Орнында  бар оңалар» деп жатады. Әбдір Сағынтаевтан 7 перзент тараған. Солардың бірі емес-ау, бірегейі – Бақытжан Сағынтаев. Әке көрген ер оқ жонып, биліктің сатысымен биікке шыққан азамат. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысының әкімі болған Бақытжан Сағынтаев еліміздегі табиғи монополияларды реттеу агенттігін біраз жыл басқарды. Экономикалық даму және сауда министрі,  Өңірлік даму министрі болған Үшаралдың тумасы 2016 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдық ақпанына дейін Премьер-Министр болып еңбек етті. Көп балалы отбасынан шыққан Сағынтаев әкенің жолын жалғаған, қарапайым мінезімен ел есінде. Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдың тумасы Үкімет тізгінін жер мәселесі ушығып тұрған кезде қолға алып, сабырмен шешті. Жүзінде биязылық бар сол Сағынтаевтың өскен-өнген өлкесіне барған біздер қара шаңырағын көрдік. Бәз-баяғы қалпында сақтаулы тұрған баспанада бүгінде ағайын туыстары тұрады екен.

Алыстан ат терлетіп барған біздерді ауылдастар қаумалап, елдімекеннің тарихы туралы естеліктер айтты. Мұндағы қариялар шымыр ширақ, жел қаққан жүздері жылы көрінді. Есімі белгілі ерлерімен мақтанған тұрғындар Үшаралдың тарихымен бөлісті. 2000 астам тұрғын тұратын шағын елдімекенде тарихы бір ғасырдан асқан мешіт бар екен. Қасиетті нысандардың тізіміне енген бұл ғимарат ХІХ ғасырдың сәулет өнері. Қызығы сол Алланың ақ үйін көрсеңіз, Бәйдібек ауданындағы Аппақ Ишан мешіт медресесі көз алдыңыздан өтеді. Тарихын сұрастырсақ Аппақ Ишанның бабасы Қосым мен Құлатай бір кездері Үшаралға тоқтап, мешіттің іргетасын қалаған деседі. Сол тұста құрылысшылардың еңбекақысын Үшаралдың бай-ауқатты тұрғындары малмен өтіпті. Жергілікті өңірде діндар болған Абдулла Ишанның есімі берілген тарихи-мәдени ескерткіш туралы ежелден келе жатқан естеліктермен тұрғындар бөлісті.

Мешіттің құрылысы төртбұрышты. Күйдірілген кесектен өріліп, төбесі көп күмбезді болып салынған. Асқан шеберлікпен өрілген мешітке бірнеше рет қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Алланың күмбезді үйінде бір кездері депортацияға ұшыраған ұлттар пана тауып, жан сақтаған деген де дерек бар. Қалай десек те Үшаралдағы ең ескі ғимарат ғасырдың куәсі. Тарихтың талай құпиясы ішінде сыр күйінде сақталған.Үшарал елді мекенінің бір күндік тынысын көруге барған біздер қаумалаған қарттардың ортасында жүрдік. Көп жасаған қарияларды том-том кітап дерсіз. Олар көнені қозғаған соң, ойына өткен оқиғалар түсті ме, әлде санасында қалған сәттерді ақтарғысы келді ме әйтеуір елді мекеннің тарихымен әңгімеге ұйытты. Ақылы теңіз дариялар бізді бейіт басына да алып барып, өткенге құран бағыштау керек деп жөн сілтеді. «Әкең өлседе, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген міне осындайда айтылса керек.

Қимас сезімге бөлейтін алтын ұяның тыныс-тіршілігімен танысқан біздер талай әңгімені естідік. «Өңірлердің дамуы» жобасын қолға алып, елді мекендердің тарихын шама-шарқынша айтып жүрген  «Айғақ» телеарнасы бұл жолы Үшаралға бір күнін арнап, бәйтеректей биік тұлғаларымен танысты. Үлкені үлгі, кішісі ізетті ауылдың жайына қанықты.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНА — 25 ЖЫЛ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент жүрек орталығына – 25 жыл. Атаулы күнге орай орталықтың өз базасында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық...

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласында №145 мектепте «Егемен ел – жарқын болашақ» тақырыбында «Прокурор сағаты» өтті. Шарада оқушыларға қылмыстың қауіптілігі, қылмыстық жауапкершілік пен...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте қазақ күресінің байрағы тағы да биікке көтерілді. Аса ауыр салмақтағы балуандар арасында дәстүрлі, 13-рет ұйымдастырылып жатқан «Шымкент барысы» турнирі...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы бойынша жиын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар шеберлігін дәлелдеді. Байрақты бәсекеде олар ел намысын асқақтатып, 1 алтын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

9 қыркүйек — Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ күні. Осыған орай Шымкентте ұлттық ойынға арналған спорттық  дода өтті. Бұл бәсекеге спорт басқармасына қарасты...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.