• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Желтоқсан 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Назарбаева журналистерге АКМ түзету жобасы туралы: Сіздер мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек

15.02.2019
0

Ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ қызметкерлерін аккредиттеудің қолданыстағы қағидасын күшейтуге бағытталған бастамасына түсінік берген Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистердің өз мамандықтары үшін күресе білулері керегін айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Қазір билікпен өзара қарым-қатынас жасаудың барлық мүмкіндіктері бар. Заң жобалары талқыланғанда – өз пікірін білдіріп, парламент және үкімет депутатттарымен жұмыс жасауға. Сіздер өз мамандықтарыңыз үшін күресе білулеріңіз керек. Осыны жақсы үйреніңіздер. Сіздер тек бірдеме болып қалған жағдайда ғана еске аласыздар», — деді бейсенбіде сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Д.Назарбаева.

Бұл ретте ол АКМ бұйырығының жобасымен таныспағанын атап өтті.

«Уәде беремін, ол құжатты қолыма алдым, міндетті түрде қараймын, министрлікпен сөйлесемін және сіздерге қосымша хабарлаймын. Алдын-ала байбалам салмаңыздар», — деді сенатор.

Оның пікірінше, қазір журналистердің «аузын жабу» мүмкін емес.

«Қазір ғаламтор арқылы өз пікіріңді білдірудің мүмкіндігі шексіз. Журналистер әркез халықты ойлап жүреді, және халыққа қорған болады. Олар халықтың мұңын билікке және жалпы бүкіл қоғамға жеткізеді, сондықтан олардың рөлі өте маңызды. Сіздер заң туралы айтып отырсыздар, сол заң талқыланғанда сіздер қатысқан жоқсыздар, жұмыс тобына келген жоқсыздар және өз пікірлеріңізді білдірмедіңіздер, үндемедіңіздер», — деп мәлімдеді жоғары палата депутаты.

Парламентарийдің айтуынша,нормативті-құқықтық актілерге қатысты барлық жұмыс «алдын-ала болуы керек».

«Егер сіздің кәсіби салаңызға қатысты министрлік шығаратын заң жобасы немесе нормативті-құқықтық акті әзірленіп жатса, барлығы талқылануға жатады. Бірақ мен әріптестеріме айттым, өкінішке орай, журналистер қоғамы бұл мәселеде сылбыр. Заң жобасы талқыланғанда барлығыңыз қайда болдыңыздар? Неге байқамай қалдыңыздар? Сіздер жеке алынған біз, депутаттарға қарағанда, кәсіби маман ретінде бұл саланы жақсы түсінесіздер», — деп мәлімдеді сенатор.

Ол болып жатқан жайт, оның ойынша, «ақыры соңында біртендеп жойылуына, мамандықтың ғана емес, дәстүрлі БАҚ-тың да жойылуына әкеліп соғады».

«Бүгінде телеарналарға, басылымдарға өте қиын. Көріп отырғанымыздай, ғаламтор көп пайда табуда. Ғаламторда ешкімнің аузын жаба алмайсың. Бұл адамдардың пікірін білдіретін мүлдем еркін орта. Менің ойымша, бүгінде журналистік кәсіби цех өзінің баламалы заң жобасын әзірлеп, сол бастамаларын алға тартулары керек», — деп санайды Д. Назарбаева.

Атап өтелік, Д.Назарбаев 1994-2004 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарған. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы ол аталмыш медиахолдингтің жартысына жуық акциясына иелік еткен.

Еске салсақ, 13 ақпанда ҚазТАГ АКМ «Журналистерді аккредиттеу қағидатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына түзетулер енгізуге ниетті екенін хабарлады. Сол түзетулер енгізілген жағдайда қолданыстағы қағидаларға қарағанда журналистердің іс-шараларды таратуға жіберілу ережесі күшейтілетін болады. Құжат 13 ақпанда қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 27 ақпанға дейін жалғасады.

АКМ жоспарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев та сынады, ол аккредиттеудің жаңа қағидалары арқылы мемлекеттік органдар журналистердің қоғамдық жаппай шараларға жіберілуін шектейді деп санайды. Ол журналистің шара өтетін жердегі ішкі тәртіпті сақтауға жазбаша түрде келісім беру сияқты мағынасыз талап Қазақстанда ешқашан болған емес деп атап өтті. Сонымен қатар ол журналист пен БАҚ арасында келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжатты ұсыну туралы тармаққа да көңілі толайтынын білдірді, себебі ол азаматтық журналистиканың жоғалуына алып келеді. С. Матаев әзірге қағида жобасын талқылайтын уақыт бар кезде қазіргі таңда қоғамдық пікірді қалыптастырудың маңызды сегменті болып табылатын әлеуметтік желіде көптеген сын туғызу керек деп санайды.

«Өз кезегінде, біз қағида жобасын әріптестерімізбен, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорымен талқылаймыз, сөйтіп қандай да бір келісілген шешім қабылдаймыз, үнсіз қалмаймыз», — деп түйді сөзін Қазақстан журналистер одағының төрағасы.

АКМ-ның түзету енгізу туралы жоспарын журналистер де сынға алды, соның ішінде Facebook әлеуметтік желісіндегі қоғамдастықтарда да, сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде кәсіби чаттар топтарында да талқыланды.

Міне кейбір пікірлер: «Журналистер сөз бостандығы үшін! Журналистер Абаевтың отставкасы үшін!», «Бір нәрсе жасайық. Ертең тек трансляцияны, сауалдар бойынша берілген жауаптарды ғана өңдеп отыратын боламыз», «Бұған дейін де түзетулер болған, бұған дейін де – біртіндеп редакцияларды жою, журналистер мен редакцияларды ашықтан-ашық сатып алу, оның үстіне түзетулер, тағы редакциялау. Егер тарихқа көз жүгіртсек- біз өз-өзімізді жоюға өзіміз жол берген екенбіз», «Министр осы қызметіндегі уақытта қолдауға тиіс саласына қысым көрсетумен айналысып келген».

14 ақпанда ҚазТАГ ХАА редакциясы бас прокуратураға журналистерді аккредиттеудің қолданыстағы ережесін күшейтуге бағытталған түзетулерді енгізу туралы ақпарат және коммуникация министрлігінің бастамасының заңдылығын түсіндіріп беру туралы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына ресми сауал жолдады. Атап айтсақ, редакция сы бас прокурордан 13 ақпанда АКМ қоғамдық талқылауға шығарған түзетулер жобасына жалпы және әр даулы тармақ бойынша жекелей оның заңдылығын түсіндіруді өтінді, сонымен қатар бақылаушы орган аталмыш дерек бойынша кімге қатысты және қандай уақытта қандай жауап қату шараларын қабылдайтынын сұрады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бас прокуратура сауалға сауалды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде, яғни кем дегенде 18 немесе 19 ақпанда жауап беруі керек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.