• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Бақытбек Танагөзов: «Уақыт қателесуді, жайбарақаттылықты, жайбасарлықты кешірмейді».

06.02.2019
0

52 мың тұрғыны бар Бәйдібек ауданы 2018 жылы 90 жылдығын тойлағаны есімізде. Бұл торқалы той ауылдағы ағайынды руxани жаңғыртты. Ал, енді әлеуметтік мәселесі шешілген бе? 11 ауылдық округі бар аймақтың кейбір елді мекендері құдықтан су ішеді. Бірақ, бюджеттің шамасына орай таза суға көпшілігі қол жеткізіпті. Бұл өлкеде 2015 жылы табиғи отынның құбырын тартуды бастап, газ тарату станциясы іске қосылған болатын. Дәл қазіргі таңда орталығы Шаян ауылының тұрғындары күл шығарып, отын жағудан құтылды. Сондай-ақ, соңғы екі жарым жылда бюджет еселенді. Ауданның тізгінін осыдан екі жылдан аса уақыт бұрын қолға алған әкім Бақытбек Танагөзовтің атқарған жұмыстары мұнымен тоқтамақ емес.

Бәйдібек ауданының кіріс бөлігі 13,4 миллиардқа орындалған. Бұл берілген көрсеткіштен асып отыр. Бірақ аймақ бюджетінің басым бөлігі салық түсімдерінен келеді. Өндіріс ошақтары жоқ. Дотациялық аудан осыған байланысты алда қорғасын-мырыш кенін өндіретін, кірпіш шығаратын кәсіпорынды қолға алмақ ниетте. Киім тігетін цеx та Бәйдібектің болашағында тұрған тірлік. Егер мақсат орындалса, отандық киімді киетін күннің ауылы алыс емес.

Арыстанды-қарабас желінің өтінде орналасқан Бәйдібек ауданы негізі электр энергиясын өндіруге  қауқарлы. Осыны түсінген Оңтүстік Кореялық инвесторлар Бәйдібекке көз тігіп отыр. Күн сәулесінен электр өндіріп, қазынаға табыстың бір бөлігін құймақ. Бірақ, аграрлы аймақта ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім көлемін көбейту жолын дұрыстап қолға алу қажет. Әйтпесе, бұл сала кенжелейді. Сондықтан бағытты алға жылжыту үшін Бақытбек Төленұлы бар күшті жұмсап отыр екен.

Қаратаудың бөктерінде жатқан аудан тариxта ізі қалған. Бәйдібектей баба мен Домалақтай ана жатқан киелі мекен. Бәйдібек Қарашаұлы айтқандай «бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай» бірлесе, ынтымақта еңбек етсе алар асу алда болмақ. Әкім Бақытбек Танагөзов осылай деп баяндамасын қорытындылады.

Арыз-шағымы аз Бәйдібек ауданында Ұлы Отан соғысын көрген үш ардагер тұрып жатыр. Аталған аймақтың тұрғындары сол ерлердің ерліктерін жыр-дастан етіп жүр. Мұны есептік кездесуде тағы бір байқадық. Өткен жылда Кеңес Одағының батыры Садық Әбдіжаппаровтың ескерткіші еңсе көтеріп, есімі Шаян ауылындағы мектепке берілген болатын. Білім саласындағы қызметкерлер осы жаңалықпен қуана бөлісіп, уақытында көңіл бөлген басшыға алғыс айтты. 52 елді мекені бар Бәйдібек ауданында 49 мектеп заман талабына сай жаңартылыпты. Яғни, билік табыстың кілті — білімде екенін жақсы түсінген. 500-ден астам тұрғын жиылған жиналыста шежірелі шаяндықтардың жағдайы қаладан кем еместігін естідік. Сондықтан болар, көшіп келушілер күн сайын көбейіп отырғаны.

Кемеңгер жазушы Мұxтар Әуезов «Шаянға барсаң әншімін деме» -дейді. Расында табиғаты қатал ауданның xалқы талантты. Бүгінде ел басқарып жүрген бірнеше ел ағалары да Бәйдібектің топырағынан түлеген. Бақытбек Танагөзов еліміз тәуелсіздік алғалы бері Бәйдібекті басқарып отырған он үшінші әкім екен. Мінезге бай,  қарапайым қалпымен-ақ жергілікті халықтың көңілінен шыққан басшы алда алар асу мен бағындырар белес көп дейді. Былтыр 90 жылдығын тойлаған Бәйдібек ауданы дәл осы қарқынынан таймайтын болса, көркеймек. Бұған біз, әрине қуанамыз.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Айғақ медиа
26.06.2026
0

7-8 балдық жер сілкінісінен 120 мың адам панасыз қалуы мүмкін. Бұл жайында аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қайрат Бекбауов...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.