Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Болатбек Қыстауов: «Шардара ауданын газдандыру бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатыр»
    Айғақ MEDIA

    Болатбек Қыстауов: «Шардара ауданын газдандыру бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатыр»

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.02.2019472 Views

    Шардара ауданы бойынша 3 елді мекен  (Қазақстан, Целинный, Ұзын ата) табиғи газ көзіне қосылған. Оларда тұратын халық саны – 13 730 адам (2026 үй), бұл аудан аудан тұрғындарының 17,3 пайызын құрайды. 2018 жылы «Газ тасымалдау жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 6 нысан құрылысы облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізілді. Атап айтар болсақ, Шардара қаласындағы ГРС №18  құрылысы мен Достық, Ақ алтын, Егізқұм, Қызылқұм, Сүткент ауылдарындағы ішкі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылға өтпелі болып отыр. Биылғы жылы қаладағы Өтеғұл елді мекенінен бастап  газ жүйелерін тарту жұмыстары басталады деп күтілуде.

    Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»­­ мақаласы арғы тегі­мізді түгендеп, тарихымызды жаң­ғыр­тып, келер ұрпақ мақтанып айта жүре­тіндей жобаларды жүзеге асырғалы отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізеді. Өйткені, тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді. Біздің ауданда да киелі жерлер қатарында бүгінгі күнге дейін бүтіндей сақталып келген орта ғасыр ескерткіштерінің бірі – «Ұзыната» кесенесі бай мұраларымыздың біріне саналады. Ежелгі аңыз-әңгімелерде Ұзын Атаның шын аты Асан Ата деседі. Атақонысы Ұзын Ата –тайпақ екен. Әрі сөзі дуалы  Асан қария Ақсақ темірдің бас кеңесшілерінің бірі болса керек.Ұзын Ата Сыр бойын мекендеген халықтардың ыстық-ықыласына бөленгендіктен әруақты қария, ел атасы — әулие кісі атанған көрінеді. Ол зеңгі Атадан бата алған екен деген де сөздері ел аузында әлі күнге айтылып жүр.Ұзын-Ата күмбезі қай уақытта салыныпты дегенге келсек,біздіңше, ол XIV ғ соңына немесе, XV ғ бас кезіне сәйкес келеді.

    Сонымен бірге тарихшы ғалымдардың дәлелдері мен дәйектемелері бойынша қазіргі Шардара ауданы орналасқан Сүткент, Жаушықұм, Ақтөбе 1, Ақтөбе 2  аймақтары, яғни Сырдария өзенінің ортаңғы ағысының жоғарғы бөлігі түркі тайпаларының мекені болған. Алдағы уақытта зерттеп-зерделеп, осынау асылдарымызды тереңнен аршып шығарып, халықтың кәдесіне жарата білу бүгінгі ұрпақтың парыздарының бірі болмақ.

    Осы орайда ардагерлер қауымына да жүктелер міндет аз болмайды деп айтқан болар едім. Бүгінгі таңдағы біздің басты міндетіміз – терең білімді, жан-жақты жетілген, бәсекеге қабілетті озық ойлы ұрпақ тәрбиелеп шығару. Бұл ретте сіз бен біз болып атқаратын шаруа жетерлік. Әсіресе, жастар тәрбиесінде мән беріп қарайтын мәселе көп. Сайып келгенде жастарымыздың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, оларды көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз!» — деген Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы толығырақ «Айғақ» телеарнасының «Ашық сұхбат» бағдарламасынан көріңіздер.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.