• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Әйтеке би жобасы Нұратада жалғасты

27.01.2019
0

«Әйтеке би ауылынан — Әйтеке бидің туған жеріне». Дәл осы атаумен басталған «Айғақ» телеарнасы мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен бірлескен жобасы жалғасты. Бұл жолы бабаның сүйегі жатқан өңірге табан тіредік. Шымкент қаласынан 600 шақырым жол жүріп, Өзбекстан Республикасындағы Науаи облысының шығысында жатқан Нұрата кентіне келдік. Ат терлетіп, ұзақ жол жүріп жеткендегі мақсатымыз — Әйтеке би кесенесін көру, баба рухына құран бағыштау.

Жол бойы талай қызықты оқиғаға кезігіп, жаны жайсаң жандармен жүздестік. Жөн сұрадық. «Жол мұраты жету». Діттеген жерімізге кешқұрым жеттік. Ниеті түзудің, амалы да түзу. Айымыз оңынан туып, жолымыз да бола кетті. Нұрата кентінде бізді ислам дінін насихаттап жүрген Саййид Қожа Насриддин ишан баба әулеті қарсы алып, құшақ жайып есігін ашты. Қонақжайлығын көрсетті.

Айта кетейік, Саййид Қожа Насриддин ишан баба Өзбекстанның екі президентімен де көзі таныс. Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттің тұңғыш президенті Ислам Каримовтың Нұратаға келген сапарында тілдесіп,  кесененің бой көтеруіне себепкер болған ақсақал. Яғни,  сол кездегі Қазақстанның елшісі Зауытбек Тұрысбековке Өзбекстанның президенті Ислам Каримовтың қабылдауында болып, кесене құрылысы мәселесін шешуге кеңес берген. Айта кетейік, Зауытбек Тұрысбеков бүгінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары. Сондай-ақ, Ишан баба Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен де таныс. Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің арасындағы достықты мықты насихаттап, көпір болып жүрген қариямен біз де осылайша таныстық.

Нұрата кентінде бір күн түнеп шыққан біздер күннің ертеңіне Әйтеке би бабаның кесенесіне бардық. Таң сәріден ниет етіп, сауабы мен маңызы мол діни ғұрыппен құрбандыққа мал шалдық. Мұнан кейін, баба рухына арнап аймақтың ишан бабасы құран сүрелерін түсірді.

Қазақта үш би бар. Соның бірі неге мұнда жатыр деген орынды сұрақ туындайды. Əйтеке Байбекұлы 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болған. Ресми түрде хан кеңесшісі болып та тарихта қалған. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші ретінде таныта білген тұлға. Дүниедан озар алдында Нұратаға жерлеуді аманат еткен деседі. Баба ұрпақтары әлі күнге дейін Нұрата маңында өмір сүріп жатыр. Ал, біразы Сыр бойы мен Ақтөбе облысына көшіп кеткен. Бұл деректерді Нұрата кентінің белгілі ақсақалы Саййид Қожа  Насриддин ишан баба айтып берді.

Кесене 1700 жылы лай балшықтан тұрғызылған. Арада үш ғасыр уақыт өткенде тозығы жеткен кесенені 2008 жылы күйдірілген кірпіштен өріп, мəрмəр тастан қайта құрылысы жүргізілген.  Игі тірлікке ел ағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Шахарбек Усманов жəне Əйтеке бабаның ұрпақтары қолдау көрсетеді. Елеулі еңбекті еске алып, баба басында кесененің тұрғызылуында мұрындық болған Шахарбек Усмановқа да құран бағыштадық. Осылайша, бабаның зираты жаңарған. Жыл сайын 18-мамыр кесенеде ас беру дəстүрге айналған. Баба жатқан тарихи орын мұражай, мешіт, қонақтарға арналған бөлмелерден тұрады. Төрінде Əйтеке би мен Сейітқұл қажының сүйегі жатыр.

Міне, осылайша Əйтеке Байбекұлының кесенесінде «Айғақ» теларнасының ұйытқы болуымен, бір топ азаматтар болды. Шығармашылық ұжым арнайы түсірілім жасады. Бұл фильмді толығырақ алдағы уақытта «Айғақ» телеарнасынан көре аласыздар.

Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ, Айтолқын МОЛДАБЕКОВА

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.