Иә, биылғы жыл Елбасының бастамасымен «Жастар жылы» деп бекітілген болатын. Осыған орай облысымыздың әр өңірінде кең көлемдегі отырыстар өткізілуде. Ондағы басты мақсат, жастар жағында орын алып отырған мәселесін талқылап, шешімін табу. Ал тариx қойнауында жатқан көне Отырардың жастары жиналған жиында жұмыссыздық мәселесі талқыланды. Бұл тақырып төңірегінде қозғалған ой — бүгінгі біздің қоғамға қажет-ақ. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, ветеринария саласындағы мамандардың жетіспеушілігі де назардан тыс қалмады. Жұмысқа орналасатын жастар үшін баспананың да қажеттілігі басым. Бұл мәселе де Отырарда шешімін таппақ.
Ерлан Айтаxанов барлық жастарды жұмылып, жұмыс жасауға, өңірді көртейтуге, дамытуға шақырды. Отырар- ұлылар мекені деген сөз бар емес пе?! Осындай киелі жерден шыққан қаншама ұлы тұлғалар бар. Сондай-ақ, бүгінде Отырар туристерге арналған нағыз қызықты әрі көне орын болыр табылады. Сондықтан киелі топырақта туған жастарға артылған үміт еселенбек.