Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Жетісай ауданының әкімі халық алдында есеп берді
    Бас ақпарат

    Жетісай ауданының әкімі халық алдында есеп берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.01.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жетісай ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, іріленген Мақтарал ауданы бойынша 2016 жылы 112,6 млрд. теңге, 2017 жылы 138,0 млрд. теңге, ал 2018 жылы Жетісай ауданы бойынша жалпы өндірістік өнім көлемі 91,4 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл туралы Асықата кентінің халқы алдында есеп берген Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.


    Есеп беру жиыны барысында аудан әкімі 2018 жылы атқарылған жұмыстардың барысын жан-жақты баяндады. Тіпті тұрғындарға ауданның экономикалық дамуын егжей-тегжейлі баяндаған алдын ала бейнефильм де көрсетілді.
    «Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. 2018 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15 320-ке жетіп, оларда 21,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 35 757,8 млн. теңгені құрады», — деді Жамантай Қанайұлы.


    Бұдан бөлек, 2018 жылы түрлі саладағы ауданнан шыққан жеке кәсіпкерлер мен меценаттар есебінен 729,2 млн. теңгеге 50 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары тұрғындардың пайдалануына тапсырылып, оларда 306 жаңа жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ, Жетісай ауданынан жаңадан индустриалды аймақ құру мақсатында Жетісай қаласындағы бос тұрған 2 өндірістік кешен, Қазыбек би ауыл округіндегі 1 өндірістік кешен ұсынылуда. Сонымен қатар алдағы уақытта ауданымызда жаңадан көптеген инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

    Есеп беру барысында Асықата кентінің тұрғындары жарыссөзге шығып, кент ішіндегі көшелердің бүгінгі жай-күйін, Жетісай қаласымен бірге даму қажеттігін көтерді. Сондай-ақ, газ тарифі, айыппұлы, стадион, жүзу бассейні қажеттігін көтерді.


    Түсауа аудан әкімінің есебі Ш. Ділдәбеков ауыл округінде жалғасын тапты. Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебіне оң баға беріп, өз кезектерінде жол, ауыз су мәселелерін көтерді.
    Ынтамақ ауыл округінің халқы да ауданда атқарылған жұмыстарға қанағаттарлық ықылас танытты. Сондай-ақ, олар да ағын су, жол секілді инфрақұрылымдық қиынықтардың туындап отырғанын жасырмады.
    «Барлық мәселені бір күнде немесе бір айда шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі есепті кездесулерде айтылған сын-ескертпелердің бәріне дерлік зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ең бастысы, ауданымыз еншісін алып, енді еңсе тіктеп келеді. Аудан бюджеті де енді-енді нақтыланып, бірқатар оңды істерді бастағалы отырмыз. Салық көздерін көбейту мақсатында да қыруар шаруалар күтіп тұр», — деді Жамантай Қанайұлы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.