• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ғасыр көрген көпір

09.01.2019
0

Ордабасы ауданы Көлтоған ауылында тарихы ғасырдан астам уақыт болған көпір бар. Тұрғындар оны «Қазына көпір» деп атайды. Сонау бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен Австриялықтарға салғызған көне объект қазынаның есебінен тұрғызылған  екен. Қарасаң көз алдыңа тарихтың алтын діңгегін алып келетін көпір 1915 жылы салынған.

1914 басталған бірінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионға жуық тұтқынның 200 000-ға жуығы Түркістан әскери бөліміне қарасты лагерьлерге келіп түседі. Оларды түрлі қара жұмыстарға тартқан. Көлтоған ауылында орналасқан «Қазына» көпірін және Арыс өзенінен шаруашылыққа тартылған арықты да сол лагерьдегі тұтқындар қазыпты.

Тұтқындарға қалада емін-еркін жүруге, қала тұрғындарымен араласуға тыйым салынған. Қолдарындағы құжаттарын тартып алып, тіркелген нөмерлерін ғана береді. Бірақ, Қазақстандағы тұтқынға түскендердердің бірнеше артықшылықтары болған. Түрлі концерттер ұйымдастырып, оны қарапайым тұғындар да тамашалап отырған. Халықпен араласуға осылайша мүмкіндік туады. Патшалық билікке адалдықтарын сақтағандардың өздерін кепілге ұстап, тіпті некеге тұруға рұқсат берген екен. Соғыс аяқталған соң, біразы өз Отандарына оралып, біразы сол өңірде қалып қойған. Көлтоған ауылындағы Александр Даниловтың әжесі Марияның екінші күйеуі дәл осы тұтқынға түскен Австриялықтардың бірі Шандор Фиаслике болған. Даниловтар әулетінен қалған жалғыз отбасы әлі күнге дейін сонда тұрып келеді. Әжесінің айтып кеткені бойынша  Шандор өте қатал және тиянақты жан болған.

Ұлы Отан соғысы жылдары құжаттары болмаған соң, оларды әскер құрамына шақырмаған. Елде жол салып, колхозда жұмыс жасайды. Бір күні достарымен отырыстан келе жатып, «Колхоз құрысын» деп айғай салған екен. Олардың арасында Шандор да болған. Ертеңіне барлығын тұқынға алып кетеді. Содан бері хабар ошарсыз. Артында қалған ұрпақтары әлі күнге дейін үміттерін үзген жоқ. Ольга Данилова «Ең болмағанда, қайда жерленгенін білсек» — дейді.

Бұл көпір бүгінде әлі де қолданыста. Көлтоған ауылының шаруалары Бірлік, Бадам ауылдарына осы көпір арқылы өтеді.  Қайта жөндеуге сұранып тұр. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін» деген. ХХ ғасырдың басындағы тарихтан сыр шерткен бұл көпірді туризмнің бір нысаны етіп, қайта түлетсек, келшегін кемелдеген ұрпақ үшін ұлағатқа айналар ма еді? Тұрғындардың айтуынша, керісінше, көпірді алып тастайды деген сыбыс шығыпты. Жас буынның арасында көпірдің тарихын білмейтіндер де бар. Тақтайша қойылса, барлығы тайға таңба басқандай жазылып тұрса, артық болмас еді. Көпір уақыт ұзақтығымен ғана емес, сол заманда тұтқынға түскендерді қазақ жұртының қашанда жылы қабылдап, тас бауыр  емес екендігін танытқандығынан хабар береді. Оның айғағы, Австриялықтардың Көлтоғанда  қалып, ұрпақ жалғағандығы.

Айтолқын Молдабекова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.