• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ -ЖӘРДЕМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

26.12.2018
0

Түркістан облысының орталығында жаңа заман талаптарына сай жабдықталып, 100% сандық жүйеге қосылған “Жедел-жәрдем медициналық орталығының” ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Салтанатты шара барысында «Облыстық жедел-жәрдем медициналық стансасына» үш су жаңа арнайы көлік сыйға тартылды.

«Түркістан облысында медицина саласында жасалып жатқан жұмыстар жеткілікті. Олар — компьютермен қамтамасыз ету болсын, цифрландыру болсын, мекемелерді көліктермен қамтамасыз ету болсын, барлығы өз ретімен, жеткілікті деңгейге жүргізіліп келеді. Әсіресе, салалық дәрігерлердің білімін жетілдіру жұмыстарына тоқталар болсақ, өткен жылдарды айтпағанның өзінде, биыл бірнеше маман шетелде білімін жетілдіріп қайтты. Бұл, өз кезегінде, өңіріміздегі аталған саланың одан әрі дамып, өркендеуіне жол ашады деп білемін», — деді әкім орталыққа тарту етілген көліктердің кілтін табыстау кезінде.

Осыған дейін «Түркістан қалалық жедел-жәрдем медициналық стансасы» болып келген мекеме атауын «Облыстық жедел-жәрдем медициналық орталығына» ауыстырып, облыстық мәртебеге ие болған медициналық нысан жаңа ғимаратқа көшті. Облыс аумағында тәулігіне емханалық көмекке қаралатын 34 мың адамға жедел медициналық көмекке жүгінетін 5 мыңнан астам адам тіркеледі.

Орталық толықтай “Көмек” бағдарламасының автоматтандырылған басқару жүйесімен жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап Түркістан облысының аудандарындағы Жедел-жәрдем стансалары Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық жедел-жәрдем медициналық стансасы” ШЖҚ МКК болып орталықтандырылмақ. Бұл жерде Call — орталығы жұмыс істейді. Барлық аудандардағы жедел жәрдем стансасының жұмысы осы орталықтың қадағалауында болады. Бұл дегеніміз, Түркістан облысының кез келген елді мекенінен жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың қоңырауы тікелей орталыққа қосылады деген сөз. Шақырту түскен жерге ең жақын бригаданы анықтап, науқас жайлы толық ақпарат жіберіледі. Осылайша, алғашқы медициналық көмек жедел әрі сапалы көрсетіледі.

Медициналық ұйымдарды материалдық- техникалық қондырғылармен қамтамасыз етуге биыл 8 млрд. теңге бөлініп, жарақталу көрсеткіші 65,7%- ға жеткен. Алдағы уақытта Түркістан облысында перинаталдық, мамандандырылған кардиологиялық, онкологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық орталықтар мен емханалар салу жоспарлануда. Жыл басынан бері 47 санитарлық және арнайы автокөлік сатып алынып, халық игілігіне пайдалануға берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік -жекеменшік әріптестік аясында жедел жәрдем қызметін сенімгерлікке басқаруға беру жоспарланып отыр. Бұл бағытта облыс бойынша 150 санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету көзделуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген тапсырмалардың бірі — 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина саласы қағазсыз құжат айналымына көшіру болатын. Елбасы биылғы Жолдауында «Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет», деп денсаулық сақтау саласының мамандарына міндет жүктегені белгілі. Мемлекет басшысының жолдауда көрсетілген тапсырмасын басты назарға ала отырып, Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы 100% сандық жүйеге көшіп, қағазсыз жұмыс істеуге бет бұрды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.