Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы 2018 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысының орынбасары лауазымына міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. «Қайнар» атындағы химия-технологиялық институт және университетін құрылысшы-инженер, шет тілі білімімен халықаралық экономикалық қатынастар мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын арнайы Шымкент құрылыс шаруашылығында монтаждаушы болып бастаған. Ол Оңтүстік Қазақстан аймақтық мемлекеттік мүлік комитетінің экономисті, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде өңірлік департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарған. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданының «Құрметті азаматы».
Мұхит Сексенбайұлының алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!