Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау аясында Сарыағашаудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Жемісті ауылдық мәдениет үйінде үйірме жұмыстарының екінші аймақтық қорытынды концерті өтті.
Есеп беру шарасында Ақжар, Дербісек, Жібек жолы, Қабланбек, Ақниет,Қызылжар, Жаңатұрмыс, Жемісті ауылдарының өнерпаздары салт-дәстүрді дәріптеумен қатар, ұлттық музыкалық аспаптарда өнер көрсетіп, дәстүрлі әндерді орындады.
Концертке қатысқан ауыл тұрғындары жас өнерпаздарға алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.
Есеп беру концерті барлық мәдениет үйлері мен клубтарда жыл соңына дейін жалғасады.
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...