• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қыркүйек 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысты

07.12.2018
0

Отырыста Жоғары Еуразия экономикалық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі цифрландыру мәселелерін іске асыру барысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, газ, мұнай және мұнай өнімдері салаларында ортақ нарық қалыптастырудың, сондай-ақ интеграциялық бірлестік аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті Еуразия экономикалық одағының тарихында 2018 жылдың ерекше орын алатынын айтты.

– Әлемдік экономиканың құбылмалылығына байланысты сыртқы жағдайлар мен тәуекелдерге қарамастан, біз өсімнің оң қарқынын сақтап қала алдық. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы және өзара сауда-саттық көлемі айтарлықтай артты, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен кәсіпорындар жұмысында оң үрдістің бар екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті биыл Еуразия экономикалық одағының жаңа Кеден кодексі күшіне енгенін айтты. Онда кеден ісін әкімшілендіруге, соның ішінде бизнес үдерістерін автоматтандыруға және «бір терезе» қағидатын енгізуге қатысты заманауи тәсілдерді қолдану қарастырылған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі цифрландыру мәселелерінің 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

– Қазақстан және Ресей кеден қызметтері арасында транзиттік жүктерге спутник арқылы мониторинг жүргізу жөніндегі сынақ сәтті өтті. Өзара саудадағы кедергілер мен шектеулерді жою үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Халықаралық ынтымақтастық та белсенді дамып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Еуразия экономикалық одағы аясындағы өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейту үдерісіне қолдау білдіріп, Еуразия экономикалық комиссиясы мен оған мүше елдердің үкіметтері тарапынан жаңа жұмыс бағыттарының әрқайсысының экономикалық тұрғыдан мақсатқа қаншалықты сай келетіндігіне терең талдау жасау қажеттігін атап өтті.

– Жалпы, біз Еуразия экономикалық одағының негізгі мақсаттарына – тауарлар мен қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін айналымын қамтамасыз етуге батыл қадам жасап келеміз. Сонымен бірге, Еуразия экономикалық одағының толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тағы да күш жұмылдыруымыз керек, –деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев төрт «еркіндікті» қамтамасыз етуге бағытталған құжаттар, соның ішінде Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің азаматтарын зейнетақымен қамту туралы келісім жөніндегі жұмыстарды аяқтаудың маңыздылығын айтты.

– Бізге 2025 жылға қарай өзара саудадағы барлық кедергіні жою қажет. Бұл – бірлестігіміздің толыққанды қызмет етуінің маңызды талабы. Комиссия мен үкіметтер осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы экономиканың басты секторларындағы ірі жобаларды іске асыру қажет екеніне тоқталды. Осыған байланысты, Комиссия мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкіметтеріне осындай жобалардың тізімін жасау ұсынылды.

– Мен сонау 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында осы интеграциялық жобаны құру идеясын алғаш рет жария етіп, тең құқылық пен еркіндік қағидаттары жөнінде айттым. Сол кезде бірте-бірте халықаралық аренаның белді мүшесіне айналатын қуатты экономикалық одақ қалыптасады деп ойладым. Бүгінде бұл идея шындыққа айналды. Келесі жылы Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге қол қойылғанына 5 жыл және еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толады. Осы екі мерейлі сәтке арналған кезекті отырысты келесі жылы мамыр айында Астанада өткізуді ұсынамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер ұйымның одан әрі дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

– 2019 жылы Еуразия экономикалық одағының органдарына Армения төрағалық етеді. Сіздердің төрағалықтарыңыз халықтарымыздың игілігі үшін табысты өтуіне тілектеспін, – деді Мемлекет басшысы.

Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды:

1. Еуразия экономикалық одағы аясында интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту туралы декларация.

2. «Еуразия экономикалық одағы аясындағы интеграциялық үдерістерді дамыту стратегиясы туралы» өкім.

3. «Еуразия экономикалық одағының ортақ газ нарығын құру туралы» шешім.

4. «Еуразия экономикалық одағының ортақ мұнай және мұнай өнімдерінің нарығын құру туралы» шешім.

5. «Бір тараптан Еуразия экономикалық одағы мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 2018 жылғы 17 мамырдағы келісімнің күшіне енуі туралы» шешім.

6. «Бір тараптан Еуразия экономикалық одағы мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін 2018 жылғы 17 мамырдағы уақытша келісімнің күшіне енуі туралы» шешім.

7. «Еуразия экономикалық комиссиясының жұмыс регламентіне №1 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы» шешім.

8. «Еуразия экономикалық одағының 2019 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы» шешім.

9. «Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №13 шешімін іске асыру туралы» өкім.

10. «Еуразия экономикалық комиссиясының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ахуалы және ондағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың алдын алу жөніндегі 2017 жылғы есебі туралы» өкім.

11. «Жерді қашықтықтан зондтаудың ұлттық мәлімет көздері негізінде Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсету саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы» өкім.

12. «Еуразия экономикалық одағының 2019 жылға арналған бюджеті туралы» шешім.

13. «Еуразия экономикалық одағының сотына арыз-шағым жасау барысында шаруашылық ететін субъектілер тарапынан төленетін баж мөлшерін бекіту туралы» шешім.

14. «Еуразия экономикалық одағын дамытуға қосқан үлесі үшін медалі туралы» шешім.

15. «Еуразия экономикалық комиссиясының алқасы мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» шешім.

16. «Еуразия экономикалық комиссиясының алқасы мүшесін тағайындау туралы» шешім.

17. «Еуразия экономикалық одағының органдарына төрағалық ету туралы» шешім.

18. «Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысын өткізу уақыты мен орны туралы» өкім.

Ақорда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.