Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 24 қараша, 2018 жыл.
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 24 қараша, 2018 жыл.

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.11.2018342 Views

    — Елбасымыз  Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді. Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі. Сұхбат барысында Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды. Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында «Россия-1» және «Россия-24» телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.

    — 23 қараша күні «Ағабек Қарабеков» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен, облыстық балалар ауруханасының келісімімен еліміздің бас ортопеді балаларға ота жасады. Медицина ғылымдарының кандидаты өзінің практикалық дағдыларымен бөлісіп, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері біліктілігін арттырды. Сондай-ақ «Ағабек Қарабеков» атындағы оңалту орталығынды ортопедия ауруларымен науқастанған балаларды қабылдады.

     – Биыл Түркістан облысына қарасты аудан қалалар арасында өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қорытынды «Агрофэст 2018»  фестивалінде Шардара ауданы көш басынан көрінді.  Яғни облыстан берілген индикаторлық көрсеткіштерді жоғары денгейде  орындап шыққан ауданға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде арнайы сертификатты табыс еткен болатын. Ірі қара мал басын асылдандыру бойынша да озат аудан атанып, мемлекеттік бағдарламаларды орындауда үздік шыққан аймақтың жетістіктеріне жергілікті шаруалардың қосқан үлестері мол.

    — Бәйдібек ауданының Шаян ауылындағы С.Әбжаппаров атындағы мектеп-интернатында IT кабинет ашылды. Мұндағы мақсат 8 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектерді тың идеялар мен жаңа ізденістерге жетелеу, даңғыл жол ашу. Игі бастамаға аудан басшылығы да қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.

    — Бәйдібек ауданында орналасқан Комсомол  ЖОМ–нің атауы қайта жаңартылды. 9 қараша күні аудан әкімі Бақытбек Танагөзовтың  қаулысымен мектепке «Қаратау» аты берілді.   Жаңа ғимаратқа көшкеніне 3 жыл болған білім ордасы бүгінде мультемидиялық сыныптармен  толыққан.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.