• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жаңалықтар. 26 қазан, 2018 жыл.

29.10.2018
0

— Отырар ауданы тағы бір Алла үйімен толықты. Халықтың игілігі үшін қайырымды істер атқарып жүрген белгілі меценат Өскенбай Үсенов пен оның бауырлары  ата-анасының аманатын орындады. Аяулы анасының есімімен пайдалануға берілген Алла үйінде алғашқы намазды Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз оқыды.

— Елбасы Н.Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамының» 80-ші  қадамында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» қажеттігін атап өткен болатын. Президент тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енді. Осыған байланысты, жаңа жүйені түсіндіру мақсатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Берден келіп, Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – ел тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетумен қатар, денсаулық сақтау саласының әлеуетін арттырып, дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл туралы толығырақ өз баяндамасында түсіндірген Ахмет Сейсенбайұлы, аудан тұрғындары тарапынан түскен біршама сауалдарға да жауап берді.  Сондай-ақ, аталмыш мәжіліске қатысқан Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов  түсіндіру жұмыстарын жүргізген топ мүшелеріне өз алғысын білдірді.

— Биыл Ордабасы ауданы ауылшарауашылығы өнімдерін еселеп отыр. Пайыздық көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда арта түскен. Сондай-ақ, жаңадан шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрылып халықтың тұрмыстық әлеуеті жақсаруда.

— Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге дейін көбейтуді тапсырды. Ал, нақ осы міндеттерді жүзеге асыруда ауыл шаруашылық саласына қажетті мамандар даярлайтын кәсіптік оқу орындарына да үлкен жауапкершілік жүктелетіндігі белгілі. Осы орайда Бәйдібек ауданындағы №19 колледжі бүгінгі таңда 10 мамандық бойынша 700-ге тарта студентке орта арнаулы кәсіптік білім беріп жатса,  бітіруші мамандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші де жыл санап  жоғарылап келеді.

— Шымкент қаласындағы «Орталық саябақта» ерекше ескерткіш тұр. Сахналық мінбердің артқы жағында тұрған скрипкашы музыкант көркем өнермен жасалған көненің көзі. Егер, мегаполистің бір көшесіне жайғасса жастар суретке түсіп, алдыңғы буындағы қарттарымыз қызыға қарар дүние-ақ. Бірақ, қоқыс тастайтын жәшікпен бірге қосақтасып тұрған ескерткіштің неге бұл қуыста тұрғаны түсініксіз сұрақ. Дәл осы ескерткіштің қоқыс жәшігімен қатарласып тұрғаны тіпті тағы бір ойды қозғады. Көше бойында тізіліп тұрған қоқыс жәшіктерін осындай бір өнермен әспеттесе, жұрттың назарын аудартып тазалық сақтауға құштарлық одан әрмен оянар еді. Міне, осы секілді қараусыз жатқан дүниелерді көріп іш тартасың. Әрине, бұл туралы мамандардан ой-пікір білу үшін, Шымкент қаласы әкімдігіндегі баспасөз хатшысына хабарластық. Алайда, бұл тарап  әзірге жауап қатпады. Алдағы уақытта осы тақырыпқа қайта оралатын боламыз.

— Шымкенттегі  Жүсіп Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілеріне арналған қалалық семинар өтті. Мақсаты -алғашқы әскери дайындық жүйесінде оқушылардың бойында патриотизмді қалыптастыру  және оқытушылардың біліктілігін арттыру.

— Айтылған жайдың жаңғырығы. 22 қазан күні арнамыздан Қазығұрт ауданының тұрғыны Бибігүл Құралбаеваның   тағдырына қатысты бейнематериал көрсетілген болатын. Онда бір отбасындағы төрт мүгедек жанның әлеуметтік жағдайы төмен екендігі және екі бірдей отбасының 25 шаршы метр тар пәтерде тұрып жатқаны айтылған. 3-ші топтағы Бибігүл Құралбаева сондай ақ, тігін ісімен айналысады. Алайда, тұрмыстық жағдайы төмен болғандықтан бүгінде отбасының жалғыз асыраушысы кәсібімен айналыса алмай отырмын деп шағымданғанды. Мемлекеттен жәрдем болмады деген әлеуеті төмен  отбасы, қоғамдағы жаны жомарт жандардан қол ұшын созуды өтінген болатын. Осыған орай, Қазығұрт  ауданы әкімдігінің тарапы  бейнежазба  арқылы жауап берді.

 

Previous Post

Жаңалықтар. 25 қазан, 2018 жыл.

Next Post

«Turkistan Architect Awards» халықаралық конкурсы басталды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.