Ата-баба рухына тағзым жасап, зиярат ету — кейінгі ұрпақ міндеті! Өлі разы болмай, тірінің береке таппайтыны қашаннан қазақтың нанымында бар. Демек, күні бүгінге дейін бұл үрдістің үзілмей келуі — халықтық сана-салттан ажырамағандығының белгісі болар. Сыр елінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың абыз ұлы Төлегетай бабаның рухына арнап ас беріліп, батыр баба ерлігі паш етілді. Алаштың анасы атанған қазыналы мекендегі рухани шараға арнамыздың түсірілім тобы да қатысып қайтты.
АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?
Уақыттың аздығы алтын жүлдеден айырды. Осылай деген Шымкенттік жас балуан құрлықтық додада қарсыластарына оңайлықпен жол берген жоқ. Вьетнамның Дананг қаласында...










