Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен және Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемаларды, соның ішінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.