Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Сұлтан Бейбарыс мешітінің жөндеу жұмыстарына Қазақстан 4,5 миллион доллар бөлді
    Бас ақпарат

    Сұлтан Бейбарыс мешітінің жөндеу жұмыстарына Қазақстан 4,5 миллион доллар бөлді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.10.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Каирде Сұлтан Бейбарыс мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    Мысырдың Ескі заман министрі Халед әл-Анани археологиялық және архитекторлық зерттеу нәтижесінде жерасты жұмыстары мен іргетасын көтеру шаралары аяқталғанын хабарлады. Ары қарай күмбезді бөлмелер, дәліздер, мұнаралары, орталық алаңы және сыртқы қабырғаларын көтеру жұмыстары қарастырылады. Техникалық бақылау жұмыстарын мысырлық археологтар мен тарихшылардан құралған арнайы комиссия атқарады. Осы комиссия бұрындары қызыл кірпіштен көтерілген ішкі колонналардың орнына түпнұсқаға ұқсас жоғары сапалы гранит пайдаланылатынын айтты.
    Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев Сұлтан Бейбарыс мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстарына қанағаттанарлық баға берді.
    «Мысыр басшылығының жалпы ұлттық құндылығымызды сақтау мақсатында шаралар жүргізіп жатқанын жоғары бағалаймыз. Мысырды бүкіл әлемге мұсылман орталығына айналдырған әрі Аббасид халифатының астанасы еткен ұлы Сұлтан Бейбарыстың дәуіріне тиесілі бұл тарихи ескерткіш таяу уақытта қайта қалпына келтіріліп, аса маңызы бар және Мысырдың мұсылман әлемі мен Таяу Шығыста беделін көтереді», — дейді қазақстандық дипломат.
    Мешіт құрылысына жалпы мөлшерде 12 миллион доллар жұмсалады. Оның қайта қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстан 4,5 миллион доллар (Мысыр шамамен — 5,6 миллион доллар бөліп отыр) бөлді.
    Болжаммен, қайта қалпына келтіру жұмыстары 18 айдан соң аяқталады.

    Дереккөз: Кaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.