Жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында бүгін Түлкібас ауданына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бектаев Әли Әбдікерімұлы мен Бейсенбаев Асқар Асанұлы келіп, аудан активімен кездесті.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, шаруа қожалықтарының төрағалары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, аудан тұрғындары және білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысы.
Жиын барысында халық қалаулылары мінбеге шығып, ағымдағы жылдың басты құжаты саналатын Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ жарыссөзге шыққан аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлы, «Бес жал» ӨК төрағасы Сапаров Әбдімүтәліп Мүсілімұлы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» белсендісі, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары аумақтық штабының жетекшісі Жолбасханов Ислам Тәліпұлы жолдауда айтылған жаңалықтарды қуана қарсы алғандарын айта отырып, осы құжаттың арқасында еліміздің халқының әл-ауқаты біршама жақсарып, болашаққа нық қадам басуға талпыныс беретінің тілге тиек етті.
Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі