• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Алматыда Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

11.10.2018
0

Бүгін Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қазақтың абызы, шындықтың шамшырағы атанған Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.

Жазушының жақындарына көңіл айтуға мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматының әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, Мәжіліс депутататтары Серік Үмбетов, Сауытбек Әбдірахманов, Дархан Мыңбай, актер Асанәлі Әшімов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және тағы басқалар келді. Сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл облыстарынан арнайы құрылған делегация қатары қоштасу рәсіміне қатысты. Түркістан облысының делегациясын облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, ал Шымкент қаласынан барған делегцияны «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы Төрағасының орынбасары Бахадыр Нарымбетов бастап барды. Делегация құрамында Нұрмахан Жолдасов, Дулат Әбіш, белгілі дәрігер Жасан Зекейұлы, Мархабат Байғұт, Шойбек Орынбай, Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтер бар
Сағат 10:00-де басталған қоштасу рәсімін Қазақстан Жазушылар одағының басшысы Ұлықбек Есдәулет  жүргізді. Ал Елбасының көңіл айту жеделхатын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы оқып берді.

«Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды.

Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты. Сонау Теміртаудағы еңбек жолымның тікелей куәсі болған ол Тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалаған жылдарда да жанымда жүріп, елді ілгерілету ісіне зор үлес қосты.

Шерхан Мұртазаның қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды деп сенемін», — деді Елбасы.

Мұнан соң Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сөйледі. Ол өз сөзінде «Шерхан Мұртаза елінің маңдай мен таңдайына, редакторлардың редакторына айналған еді» деді.

Бүкіл қазақ елінің қабырғасын қайыстырған қаза жайлы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов те тебірене сөйледі.

Сондай-ақ, еліміздің «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтардан көңіл айту жеделхаттары келгендігін рәсім барысында хабарлады.

Ал ағайын-туыстары атынан Оразалы Сәбденов шежірелеп сөйледі. «Ұлы Абайдан кейін қазақтың мұңын, тілінің, жерінің, елінің тағдырына қатысты мәселелерін көтерген жазушы болатын», — деді ол өз сөзінде.

1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза 87 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген соң 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы болып қызмет атқарды. 1990 жылдан — Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі. 1994 жылдан — Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы. ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004) депутаты.1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадиокомпаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1995 жылдан — шығармашылық жұмыспен айналысуда. 1996 жылдан — «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.

«Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған (1999). «Қара алқа» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1978); Қазақстандық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, Жалпыодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты (2000). ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қырғыз Республикасының Халық ақыны.

Халық жазушысын Алматы қаласының шығыс бөлігіндегі беткейде орналасқан танымал тұлғалардың пантеонына айналған Кеңсей 1 зиратына жерледі. Мұнда Еркеғали Рахманбердиев, Қалтай Мұхаметжанов, өзінің шәкірті Оралхан Бөкей сынды қоғам қайраткерлері мен елге белгілі азаматтар жатыр.

Previous Post

Қазақстан Президенті: Қауіпсіз әрі әділетті әлем қалыптастыру негізгі мәселе болып саналады

Next Post

Тоқсан жылдық тарихы бар — Теріскей

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.