2018 жылдың 5 қазандағы Елбасының Жолдауының негізгі ерекшелігі қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуы және оны іске асыру үшін бюджеттен нақты қаражат қарастырылғаны.
Атап айтқанда:
— 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлінеді;
— «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзартылады және осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге қарастырылады;
— Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді;
— Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкі кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөледі;
— Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту, заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тарту және ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін Үкімет алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастырады;
— 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізіледі;
— Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкімет 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастырады;
— Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейеді және осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді.
— Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру үшін Үкімет және әкімдер кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салады;
— Әкімдер жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялайды;
— Жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңгеге және ауылдық жерлерді сумен қамтуға 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлінеді.
Дайындаған: Айдар Дидар