Түркістан облысында «Сот төрелігінің жеті түйініне» жататын «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды.
Жобаның негізгі мақсаты соттар жұмысының тиімділігін арттыру, сот төрелігінің сапасын жақсарту, сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстарын оңтайландыру болып табылады.
Пилоттық жобаның мақсаты судьялардың жұмысының тиімділігіне барынша жағдай жасау арқылы сот төрелігін жүзеге асыруды оңтайландыру болып табылады.
Пилоттық жобаның ерекшелігі ‒ судья көмекшісінің функцияларын судьялыққа кандидаттардың ақы төленетін тағылымдама кестесін сақтай отырып, ішінара біріктіру мүмкіндігі.
Қазіргі таңда он судья көмекші жұмыс істей бастады, олардың үшеуі ақылы тағылымдамадан өтіп жатқан судьялыққа үміткерлер.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.