• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отырарлықтар Ж.Шаймерденовтың 90 жылдығын атап өтті

06.10.2018
0

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы үшін өлшеусіз еңбек сіңіріп, пайымы кең парасатын ел ертеңі, халық қамына арнаған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жамалбек Шаймерденовтің 90 жылдығы аталып өтті. Шымкент қаласындағы Ғани Ильяев және Жамалбек Шәймерденов көшелерінің қиылысында орналасқан қоғам тұлғасының алып ескерткішіне облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, мемлекет және қоғам қайраткері Қ.Айтаханов, жерлестері атынан Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов пен мәслихат хатшысы М.Манапов және қызы  М.Шаймерденовалар  бастаған бір топ жұртшылық гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

IMG-20181005-WA0087 IMG-20181005-WA0088
Екі жыл Шымкент обкомының II хатшысы, 18 жыл облыстық атқару комитетінің төрағасы лауазымын атқарған Жамалбек Шәймерденұлының іске адал ерен еңбегі өз замандастары жадында заңғар биіктігімен есте қалса, кең пейілі мен дархан жүрегі ұрпағы үшін ескірмес өнеге. Бұл жөнінде Ж.Шанин атындағы  драма театрына өткен жиында кеңінен айтылды.
Мемлекет және қоғам қайраткері Қ.Айтаханов қайраткердің өмір жолынан хабар беретін баяндама жасап, барша қазақ жұртына үлгі ізгі қасиеттерін жеткізді.

IMG-20181005-WA0083«Жақаңның ерекше қасиетінің бірі ол дос пен жолдасқа адал, мансабы биік болса да қарапайым, жастарға мейірімді еді. Дәлелді сөзге тоқтайтын, дәйексіз сөзге мойын бұрмайтын, сан құбылып жалпақтағаннан, сөзінде бәтуа, ісінде береке жоқ тұрақсыздықтан бойын аулақ ұстаушы еді. Адамды алалау, намысына тию, қиянат жасау, орынсыз ашу шақырып тиісу оған жат еді.
Жақаңның қарапайымдылығын сипаттайтын көріністің бірі облысқа келген басшылар үй салып, пәтерлерін ауыстырып жатса да, Жамалбек Шәймерденұлы бес перзентімен 20 жыл бір пәтерде тұрып, қызмет бабымен Алматыға көшіп кеткенде пәтерін өкіметке өткізіп кетті»,- деген сөздер дара тұлғаның бар болмысын паш еткендей.

IMG-20181005-WA0079
Жиын барысында тұлға рухына арнап ас беріліп, құран бағышталды. Торқалы тоқсан жылдығын Жамалбектей біртуар жанның өзімен емес ыстық естеліктерімен атап өткен жұртшылық облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Музейге сый тарту акциясы» негізінде Ж.Шәймерденовтің 90 жылдығына арналған «Асыл аға – текті азамат» іс-шарасына да қатысты. Жиын барысында  қайраткердің ұрпақтары Ж.Шәймерденовтің өзі тұтынған жеке заттары мен мұрағаттағы құжаттарын музей қорына табыстады.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.