«Ерен еңбегімен елдің еңсесін биіктеткен ардагерлеріміздің өмір тағылымы жастарға өнеге». Осылай деген Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов халықаралық мерекеде қазыналы қарттарға құттықтауын жеткізді. Шахардың өркендеуіне қосқан үлестері үшін ел ағаларына алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
Халықаралық қарттар күні мерекесі БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы шешімі негізінде жыл сайын аталып өтіледі. Еліміздің заңнамасында қарт адамдардың жалпы азаматтық құқықтары мен мүдделері , сондай-ақ оларды әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктері де бекітілген. Қарттарын асыл қазына деп білетін халқымыз, ардагерлерін ардақтап , өмірін өнеге деп біледі.
Үлкенді сыйлау , оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз деуге болады. Олардың өмірлік тәжірбиесі ,ақыл-кеңестері мен тәлім-тағылымдарының орны ерек. Облыстың өркендеуіне, қаланың көркеюіне қосқан үлестері мол. Халықаралық мерекеде еңсесі биік ел болуда ерен еңбегі бар елдің қариялары ескерусіз қалады. Оларды қала әкімі алғыс хаттармен марапаттады.
Қарттары бар елдің –қазынасы бар. Парасатты парыздың бірі оларды қастерлеу,құрметтеу. Ардагерлеріміздің арасында бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін әлеуметтік салаларда ,қоғамдық жұмыстарда еңбек етіп жүргендері аз емес. Кішіге ізет көрсеткен қарияларымыз қашанда қамқорлық пен қуанышқа кенелгей.
Жомарт Бегімбет