Мемлекет басшысы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, Үкіметке және Әкімдікке бірқатар тапсырмалар берді.
Атап айтқанда:
Облыстың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға қатысты тиісті шараларды іске асыруды;
Өсімнің жаңа резервтерiн және өңір бюджетінiң кiрiс бөлігін толықтыру көзiн табуды;
Халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті өркендету, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту және көлік-логистика қызметтерінің сапасын арттыру үшін жағдай жасауды;
Үкіметке Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп, Өзбекстан тарапымен Халықаралық сауда аймағын және жаңа «Түркістан» халықаралық өткізу бекетін құруды;
Ішкі туризмді өркендету және тиісті туристік инфрақұрылым дайындауды;
Облысты дамыту және құрылыс жүргізу ісіне жергілікті бизнес өкілдерін, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының басшыларын белсенді атсалысуға шақырды;
Инвестиция тарту арқылы қала ішіндегі жолдарды жөндеуді;
Шымкент және Қызылорда бағыттарына арналған автовокзал салуды;
Әкімдікке «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен, Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, Түркістан қаласының теміржол вокзалын реконструкциялауды және аэропорт салуды;
Әлеуметтік нысандарды дамыту, тұрғын үй, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін салу, инженерлік инфрақұрылымды, соның ішінде газбен және жылумен қамтамасыз етуді;.
Баламалы энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін қарастыруды;
Жаңа қонақ үйлердің, мейрамханалар мен дәмханалардың, сауда ойын-сауық орталықтарының және басқа да нысандардың құрылысын бастауды;
Түркістанда арнайы экономикалық аймақ құруды;
Түркістанды заманауи технологияларды қолдана отырып, өз мәдениетімізге сай қайта жаңғырту керек. Бұл орайда оның ежелгі сәулет өнерін сақтап қалуды;
Қаланың бас жоспарын дайындауды тапсырды.
Сонымен қатар, Елбасы облысқа қатысты қабылданған жол картасын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру, сондай-ақ облыстық басқару органдары тарапынан барлық мемлекеттік қызметтердің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Дайындаған: Айдар Дидар