• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Асқар Мамин Пекинде ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізді

26.09.2018
0

2018 жылғы 25–26 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Пекинге (ҚХР) барды.

Сапар аясында Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарымен, ҚР–ҚХР Ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізіп, ірі инвестициялық, қаржылық, өнеркәсіптік, құрылыс, көлік-логистика корпорацияларының басшыларымен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері жөнінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

«Екі мемлекеттің көшбасшылары – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнің арқасында Қазақстан мен Қытай арасында екі жақты қарым-қатынастың барлық саласында ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. «Нұрлы жол» және «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының түйіндесуі екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», — деді Асқар Мамин Хань Чжэнмен кездесу барысында.

ҚР Бірінші Вице-Премьерінің айтуынша, ҚХР – негізгі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 30%-дан астамға ұлғайған. 2018 жылы бақылап отырған жоғарғы қарқын тауар айналымының көлемін $20 млрд жеткізу туралы екі мемлекеттің Басшылары алға қойған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп секторларындағы, сондай-ақ, шекара маңындағы және аймақаралық байланыстарды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланды.

Асқар Мамин ҚР мен ҚХР Ынтымақтастық комитетінің екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай индустрия, көлік және логистика салаларында жалпы құны $28 млрд болатын 51 бірлескен жобаны жүзеге асыруда. Аталған жобаларды табысты іске асыру өнімдері әлемнің жетекші нарықтарына жеткізілетін бірқатар ауқымды өндіріс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жалпы $1,9 млрд сомасына жаңа 11 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

А. Мамин Пекин қаласына жұмыс сапары барысында CITIC Group, China Xin Xing Group Co., YTO Group Corp., Jiangxi Copper Company, Jiaxin Investment Resources, China Energy Engineering, CSI Solar Power Group, China CAMC Engineering Co., Lovol Heavy Industry, China Energy Engineering Corporation, China General Nuclear Power Group және т. б. компаниялардың басшылығымен келіссөздер өткізді.

COSCO Shipping Corporation басшысы Хуан Сяовэнмен және Ляньюнган портының басқарма төрағасы Дин Жуймен кездесуде трансконтиненттік тасымалдарды жетілдіру, сондай-ақ, ортақ терминал мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«China Construction Bank» басшысы Ван Цзуцзимен қаржы саласында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А. Мамин АХҚО-ға «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында жобаларды қаржыландыруға қытай банктерінің «үлкен алтылығының» қатысуының жөнділігін жеткізді.

Бұдан өзге, Пекинде Асқар Мамин Хэнань, Сычуань провинцияларының және Чунцин қаласының әкімшілік басшыларымен кездесу өткізді.

ҚХР-ге жұмыс сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды:

  • Қостанай облысының әкімдігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және HKC Corporation Limited «2018–2019 жж. Қостанай қаласының Индустриялық аймағының аумағында теледидар шығаратын зауыт салу» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойды. Қостанай қаласында теледидар шығаратын зауыт салу жұмыстары биыл басталады. Кәсіпорынның жоспарлы қуаттылығы — жылына 3 млн бірлік. Бастапқы кезеңдегі инвестициялардың жоспарлы көлемі — $50 млн. Өнімді өткізетін мақсатты нарық — ТМД елдері;

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Huawei International Co.,LTD және Ili Baitexing Commercial Trading Co., LTD Электронды коммерцияны дамыту туралы келісімге қол қойды;

  • «Агромаш Холдинг KZ» АҚ, Lovol Heavy Industry, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және YTO «Ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникасын шығару» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды.

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.