Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмек бағасы 2019 жылдың басынан бастап реттелетін болады
    Денсаулық

    Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмек бағасы 2019 жылдың басынан бастап реттелетін болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.09.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмек бағасы 2019 жылдың басынан бастап реттелетін болады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

    «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» ҚР Заң жобасы әзірленді. Онда 2019 жылдың 1 қаңтарынан барлық дәрілік заттар бағаларын реттеу көзделген», — делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

    Дәрілік заттардың бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін көздейді: өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда, сондай-ақ тегін медициналық көмекті кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сатып алу деңгейлері

    «Өндірушінің бағасын тіркеу референттік елдердің тұтынушылық орамының бағасы негізінде жүргізіледі, сондай-ақ үстеме бағаның регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік препараттарды көтерме және бөлшектеп сату маржасы реттелетін болады», -деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

    Қазіргі таңда аталған Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында, жақын арада ол екінші оқылымға кіргізіледі және ҚР Парламент Сенатына жолданады. Ағымдағы жылдың соңына дейін заңға қол қою жоспарлануда.

    Одан басқа, Министрлік 2017 жылдың басынан ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық қызметтер мен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесін орталықтандыруды есепке алу мен Бірыңғай дистрибьютор тізімі толықтай қайта қаралды.

    Атап айтқанда, амбулаториялық тұрғыда тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар тізбесі экономикалық жағынан тиімді препараттарды қосу жолымен қайта қаралып, кеңейтілді. Мысалы, С вирустық гепатитін емдеу үшін қымбат тұратын және тиімділігі төмен (60%) пегилирленген интерферондармен терапия тиімділігі жоғары (98%) емдеу схемасымен (софосбувир+даклатосвир) алмастырылды, ол емделген науқастар санының 500-ден 40 000 адамға жоғарылауына мүмкіндік берді.

    Сонымен қатар, дәрілік заттарды шетелдік өндірушілермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 175 аталымдағы медициналық препараттар бағасы орташа 23%-ға төмендеді, ал отандық өндірушілер ұзақ мерзімді шарттар аясында бағаны төмендету жөніндегі қабылданған міндеттілікке сәйкес, 134 аталымдағы дәрілік заттар бағасын 5% төмендетті. Қазіргі таңда дәрілік нарық дәріхана арқылы дәрілік заттарды коммерциялық сату және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып бөлінетінін атап өткен жөн. Бүгінгі күні нарықтағы коммерциялық сату бағасы реттелмейді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.