«Yildirim Holding» түрік компаниясы Жамбыл облысында кальций қосылған сода зауытын тұрғызбақ.
Айта кетерлігі, 2017 жылы Астанадағы ЭКСПО-ның Конгресс-орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Yildirim Holding» компаниясының басқарма төрағасы Роберт Юксель Йылдырымды қабылдаған болатын.
Кездесу барысында тараптар химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді және оларды іске асырудың перспективаларын талқылаған еді.
«Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, Мемлекет басшысына Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспары туралы айтқан болатын.
Жақында Анкараға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық-түркиялық инвестициялық формуға қатысып, осының нәтижесінде құны 1,7 млрд долларға тең 22 коммерциялық құжатқа қол қойған еді.
Оның ішінде Жамбыл облысының әкімдігі мен «Yildirim Holding» түрік компаниясы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Тоғызкент ауылында калций қосылған сода зауытын тұрғызу туралы екіжақты келісімге қол қойды.
Тоғызкент ауылы — Жаңатас қаласынан 65 шақырымдағы Тоғызкент ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып табылады. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 7 жылды құрап отыр.
Осының арқасында 300 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Алғашқы кезеңде компания жобаны іске асыру үшін 300 млн доллар салуды жоспарлауда.
Зауыттың жобалық қуаты алғашқы кезеңде жылына 400 мың тонна калций қосылған соданы өндіруге қауқарлы болады деп күтілуде. Бұл бір жылда Қазақстаннан Ресейге импорталатын соданың мөлшерімен бірдей.
Ішкі нарықтағы сұраныс қанағаттандырылғаннан кейін екінші кезеңде жобалық қуаттылықты жылына 1 млн тоннаға содаға жеткізіп, өнімді шетелдерге экспорттау көзделген.
Мамандардың бағалауынша, мұндай зауыт Қазақстанға импорттық тәуелділіктен құтыла отырып, қазақстандық калций қосылған соданы экспорттауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде өнімді экспорттау үшін Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ нарықтары зерттелуде.
Қазіргі таңда қажетті құжаттар дайындалып, шикзіаттың қорын анықтау үшін геобарлау жұмыстары жүргізілуде. «Yildirim Holding» компаниясы зауыттың құрылысын 2019 жылдың төртінші тоқсанында бастауды жоспарлап отыр. Зауыт жоспар бойынша 2021 жылдың жартыжылдығында пайдалануға беріледі.
Айта кетсек, Yildirim Group — әлемнің 50 елінде жұмысын жүргізіп жатқан ірі түрік холдингі. Қазақстан нарығында 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
inform.kz