• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қарызымыз бастан асады!» Депутат вице-министрдің сөзіне ашуланып кетті

14.09.2018
0

Қазақстанның мемлекеттік борышы 14,2 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 24,8 процентін құрап отыр

 Сенат депутаты Әли Бектаев мемлекеттік қарыздың жыл сайын өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Сенатта мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борышы, квазимемлекеттік сектордың борышы мәселелері бойынша жиын өтті. Шара барысында белгілі болғандай, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2018 жылдың 1 шілдесінде 14,2 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 24,8 процентін құраған.

«Мемлекеттік қарыз ЕАЭО-ға мүше елдер үшін бекітілген ЖІӨ-нің 50 процентінен аспайды. Мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор қарызының жиынтық мөлшері осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 28,4 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 49,7 процентін құрады», — деген еді қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев.

Осы орайда сенат депутаты Әли Бектаев мемлекет борышына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Сенатор экономистер мен қаржыгерлердің қарыздың неге қайтпайтын салаға құйылатынын сұрады.

«Мен мына мәселеге көңіл бөлгім келеді. Займ деген қарыз ғой, солай емес пе?! Қарызды қайтатын жерге, яғни өндіріске, бизнеске, тағы басқа салаларға салу керек. Түрлі халықаралық қаржы институттарынан қаншама қарыз алып, оны білім, медицина, жұмыспен қамту салаларына салу дегенді өз басым түсінбеймін. Сіздер экономистсіздер ғой, маған соны түсіндіріңіздерші. Неге біз қарызды қайтпайтын салаға саламыз? Сол білім саласына да, денсаулық саласына да өзіміздің бюджетте ақша қарастырылған. Мұғалімдерді даярлау, оқыту, мектептерге тиісті материалдық жағдай жасау, мультимедиялық кабинеттер алып беру, медициналық сақтандыруды түсіндіру – мұның барлығы біздің мемлекеттік органдардың тікелей міндеті. Республикалық бюджеттің бүкіл шығысы осындай нәрселерден құралады, соларға қаржы қараймыз. Бірақ біз шетелден, болмаса халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз аламыз да, сөйтіп оны қайтпайтын салаға саламыз. Мен осыны түсінбеймін. Қаржыгерлер, маған түсіндіріп беріңіздерші», — деді мемлекет қарызының өсуіне алаңдаған депутат.

Бектаев мемлекеттік борыштың қауіпсіз деңгейде сақталып отырғанын қайта-қайта айта берген қаржы вице-министрін сынады.

«Руслан Бақытжанұлы, сіз өз сөзіңізде мемлекеттік борыштың қауіпсіз деңгейде сақталып отырғанын бірнеше мәрте атап өттіңіз. Мемлекеттік қарызды қалай азайту керектігін емес, оны қауіпсіз деңгейде сақтау туралы әңгіме айтып отырсыз. Біздің қаржы органдарының лексиконы қалай өзгеріп жатқанын түсініп отырсыз ба? Соңғы 5 жылда үкіметтің қарызы 5,8 есеге өскен. Бүгінде мемлекеттік қарыздың жалпы көлемі ЖІӨ-нің 50 процентіне жуықтады. ЖІӨ-нің 50 проценті деген Қазақстанның бар тапқан табысының тең жартысы. Түсінесіз бе?», — деді ашынған депутат.

Сенатор мемлекеттік қарыз жыл сайын өсіп бара жатқанын айтты.

«Біз бюджеттік заңнама аясында осы шекті деңгейді өз қолымызбен көтеріп отырмыз. Үкімет өз қаулысымен көбейтіп отыр, сол арқылы шекті деңгейден асқан жоқпыз деп өзімізді жұбатамыз. Қалай сонда? Мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығына неге сонша немқұрайлы қараймыз? Мен осыны түсінбеймін», — деді Бектаев.

Халық қалаулысы мемлекеттік қарыз деңгейін басқа елдермен салыстыру қажеттігін айтты.

«Квазисектордың сыртқы қарызының шекті көлемін 2018 жылы 7 триллион теңге деп бекіттіңіздер. Бұл қандай процент сонда, неден олай бекітіліп отыр? 7 триллион деген ештеңе білдірмейді. Сіз өз сөзіңізде ЕАЭО елдері үшін шекті деңгей 50 процент деп айтып өттіңіз. Ал бүгінде басқа елдерде мұның деңгейі қандай? Мәселен, Өзбекстанда, Ресейде. Неге басқа елдермен салыстырмайсыздар? Өзімізді жұбататын ақпараттар тауып отыра береміз», — деп ашуланды ол.

 sputniknews.kz

Сурет: ашық дерек көздерінен

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.