• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жеңісті қолдан берген жоқпыз». Қазақ көкпаршылары өзбектерден не себепті жеңілгенін айтты

12.09.2018
0

2-8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Қазақстан спортшылары бұл ойындарда 18 алтын, 24 күміс және 30 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 2-орын алды. Медаль саны есебінде 40 алтын, 32 күміс және 31 қола медаль иеленген Қырғызстан құрамасы үздік болды.

Әлеуметтік желілерде қазақстандық спортшылардың көрсеткен өнеріне сын айтқандар баршылық. Әсіресе турнир фавориті саналып келген көкпаршылардың жөні бір бөлек десті жұрт. Алайда Қазақстан жартылай финалда Өзбекстан құрамасына есе жіберді. Осыдан кейін онсыз да қызып тұрған әлеуметтік желідегі дауға қырғыз БАҚ-тары түсірген видеолар май құйғандай әсер қалдырды.

Дау неден шықты?

Мәселен, Facebook желісінде тараған видеодағы ат үстінде тұрып сұхбат берген қазақ спортшысы көптің назарына ілікті. Видеода спортшы ешқандай дайындық болмағанын, қаржыландырудың да жүргізілмегенін, сонымен қатар, ат жоқтығын мәлімдейді.

Тенгри1                                                                                2016 жылғы видеоның скриншоты.© Facebook.com

Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұл видеоның 2016 жылы түсірілгенін хабарлады.

Министр не дейді?

Фаворит саналған құрама көкпаршыларының финалға да шыға алмауын еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы екі фактормен байланыстырды.

«Өз басым барып қатыстым, көшпенділер ойынының ашылу салтанатында қырғыз әріптестерімізбен сөйлестік. Сонда біз турнир иесінің халықаралық ережені сақтауы керек екенін айтып, жауаптыларды шақырттық. Мысалы, халықаралық ереже бойынша, шеңбер тұруы қажет, ал ұйымдастырушылар онда қазандық қойған. Бұл өте қауіпті, мәселен өткен жылы біздің спортшылар сондай қазандыққа соғылып, ауыр жарақаттар алған еді. Бүкіл әлем шеңберге өтіп жатса, жарыс иелері қайтадан қазандық салып қойған. Бұған, әрине, біз наразылық таныттық. Солайша дауласып жүргенде бір күнімізді жоғалтып алдық», — дейді министр.

Сонымен қатар, Мұхамедиұлының айтуынша, бұл додаға тәжірибе жинап қайтсын деген оймен жас спортшылар жіберілген.

Қазақстандық көкпаршылар өз аттарымен бармаған.

Желідегі сынның бір сыпырасы көкпаршылардың атсыз барғанына айтылды. Сөйтсек, Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығы турнир қарсаңында Қырғызстанның «Көкбөрі» федерациясына атпен қамтамасыз ету туралы өтініш жолдаған екен.

тенгри2

Қазақстан көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспановтың айтуынша, Қырғыз тарапынан мұндай көмек сұраудың себебі 27 тамызда ғана аяқталған Қазақстан чемпионаты екен.

«Дәл 27 тамызда көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды, сондықтан аттарды дайындап үлгермей, Қырғыз тарапына осындай өтініш айттық. Қырғыз тарапы бізге тәп-тәуір аттарын беріп, жақсы күтіп алды. Десе де, біз бұдан уақыт жоғалттық. Жалпы айтқанда, өз атымызбен бармауымыз жеңіліс табуымызға себеп емес», — дейді Оспанов.

тенгри3

Ал министр айтқан ойындағы шеңбер мен қазандық қоюдың ерекшелігін Қазақстан көкпар федерациясының президенті былай деп түсіндірді:

«Халықаралық қауымдастық бар, сол қауымдастық бекіткен ереже бойынша, біз бұл турнирде қазандықсыз, яғни шеңбер арқылы ойнауымыз қажет еді. Себебі қазандыққа аттар жиі соғылып, жарақат алып жатады, спортшыларымыз да аяғын жарақаттайтын. Сондықтан ұлттық спортымызды осылай игі мақсатта модернизациялау туралы шешімге қарамастан, Шолпан-Атадағы додада ескі ережемен ойнауға мәжбүр болдық», — дейді ол.

«Жұрттың назары осы спорт түріне ауғанына қуандым»

Әлеуметтік желілерде автобус ішінде отырған қазақстандық көкпаршыларға бір ер адамның қырғыз тілінде сөйлеп тұрған видеосы кең таралды.

«Бұл спорт қой. Неменеге саясатты араластырып отырсыңдар? «Көк бөріден» неге сонша қорқасыңдар? Бұл ойын ғой, спорт қой. Жігітше ойнап, күліп жайнап кетпейсіңдер ме елдеріңе? Өзбекстан өмірі көкпар ойнаған жоқ. Қайтіп ұтылып барасыңдар елдеріңе? Қай беттеріңмен барасыңдар?», — дейді ер адам видеода.

Оспановтың айтуынша, бұл видеода Қырғызстан құрамасының өкілі Талас Бегалиев бейнеленген.

«Бұл жігіт бір жыл бұрын біздің елге команданың жетекшісі ретінде келіп, жеңіліс тапқан еді. Содан болар, финалда біздің құрамамен ойнап, есе қайтарғысы келген сияқты. Видеодағы сөзін тыңдасақ, Өзбекстан тіпті осал команда секілді, алайда мүлдем олай емес. Өзбек құрамасында үлкен жігіттер, бізден барғандар жастар еді, оны видеодан да көре аласыздар. Спортта біреуден жеңілмеу үшін екіншісіне қасақана есе жіберу нағыз намыссыздық, біздің намысы бар жігіттер мұндайға аттап баспас еді. Жастар құрамасы қолынан келгенді жасады. Бастысы көкпаршыларымыздың видеода сабыр сақтап, эмоцияға берілмегені дұрыс болды. Себебі бұл спорт, спорт татулыққа, бейбітшілікке шақырады. Қазір әлеуметтік желілерде көп талқыланып жатқаны, бір жағынан, осы спорт түріне деген көптің ықыласы, намыстың болғаны дұрыс. Жұрттың назары осы спорт түріне ауғанына қуандым», — дейді Ерлен Оспанов.

тенгри4

Осылайша Қазақстан көкпар құрамасы жартылай финалда Өзбекстаннан 4-5 есебімен жеңілді. Алайда үшінші орынға таласта отандастарымыз Мәскеу құрамасын 18-1 есебімен ойсырата жеңді.

тенгри5                                                      Көкпаршы Есжан Құрманбайдың үшінші орын үшін жүлде алып тұрған сәті.

Өзбекстанға жеңісті қолдан берді деп айыпталған қазақстандық құраманың ойыншысы Есжан Құрманбайдың айтуынша, қырғыз көкпаршыларының мұндай мәлімдемесі орынсыз әрі негізсіз.

«Жеңісті қолдан берді дегенге келіспейміз!»

«Өзбек командасы оңай қарсылас емес, білдей бір елдің атынан барған мықты жігіттер. Біздің құрамада жас балалар болды. Құдай қаласа, 2021 жылы өтетін Олимпиадаға қатысатын балалар деп айтсақ болады. Өзбек командасы да, біз де жақсы дайындықпен келдік. Мұндай ірі халықаралық жарысты бірінші рет көріп отырған балалар, ал өзбек жігіттері жарыс көрген, үлкен-үлкен жігіттер. Десек те, ойын керемет өтті. Бізге берілген аттар да жақсы болды, өз деңгейіндегі аттар дер едім. Сондықтан жеңісті қолдан берді дегенге келіспейміз. Жігіттер жас та болса да, сақадай өзбек жігіттеріне барын салып, қарсылық көрсетті. Жеңілмейтін спортшы жоқ, жас балалар, құдай қаласа өз білігін енді шыңдайды, барлық жеңіс алда», — деді көкпаршы Есжан Құрманбай.

тенгри6                                                                    Көкпаршы Есжан Құрманбай © Жеке мұрағаттан

Өз кезегінде Спорт және дене шынықтыру істері комитет төрағасы Серік Жарасбаевтың айтуынша, Қазақстан көкпаршылар құрамасы өте жоғары әрі лайықты өнер көрсете білген.

«Азия аймағында біз үздіктер қатарындамыз. Бірақ спортта жеңіліс те, жеңіс те болады. Көкпаршыларымыз лайықты өнер көрсете білді деп санаймыз. Жалпы медальдар есебінде екінші орын алғаны жоғары деңгейді білдіреді. Спортшылар әрдайым моральдық және психологиялық тұрғыдан кез келген жағдайға дайын болуы қажет деп есептеймін. Меніңше, көкпаршыларымыз дау-дамайға араласпай, жақсы ойын көрсетті», — дейді Жарасбаев.

тенгри7

Айта кетейік, биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына әлемнің 77 елінен үш мыңнан астам спортшы қатысып, 37 спорт түрінен 594 медаль жұбы сарапқа салынды. Жүлде қоры — 28 миллион сом.

Тengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.