• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жерлестерді іздеген «Айғақ» Риддерде

11.09.2018
0

«Бір жол бар — жақын, жақын да болса — алыс» деген сөз тіркесі еліміздің шекарасында орналасқан аймақтарға айтылғандай. Шығыс Қазақстан облысында іс-сапармен жүрген «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы Өскемен қаласында екі күнге аялдады. Себебі, 3500 шақырым жол жүрген көлігіміз сыр беріп, әуелі жөндеуден өтті.

ремонт 01

0

Темір тұлпар сапарға дайын болғаннан кейін, Риддер қаласына қарай жол тарттық. Жан-жағын тау қырат қоршаған, қайыңды ағаш қаптаған өлкенің табиғаты көздің жауын алып тұр. «Бояусыз салынған сурет» деп осыны айтарсыз. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, қоңыр күздің салқын лебі есіп тұр. Теңіз деңгейінен 2877 метр биіктікте. Соншалықты көркем табиғатқа таңырқай қызыққан біздер Риддер қаласына да келіп жеттік. Осында кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген қаланың қақпасынан бізді әкімдік қызметкерлері құшақ жайып қарсы алды.

Риддер 01Олардың қатарында Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерік Аусанұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Оралқызы бар. «Құтты қонақ келді» деп қуанған риддерліктер бізді бірден қоныс аударушылардың отбасына алып барды. Отырар ауданы, Маяқұм ауылынан келген Ернұр Нұрлыбековтың жанұясы — жас отбасылардың бірі. Жергілікті ішкі істер бөлімінде қызмет атқарып жатыр. Жұбайы Мадина Досымбетова — мамандығы бойынша мұғалім.

риддер ернур нурлыбеков

Бір ұлымен уақытша демалыста үйде отырған жерлесіміз Түркістан облысынан келген біздерді көргенде жүзіне күлкі үйіріліп, төркінім келді деп қуанды. Жас жанұяның Риддер қаласында айы оңынан туып, жұлдызы жанған. Өйткені, ай сайын үйге уақтылы кіріс көзі кіріп тұр. Жалға алған пәтердің де қаржысын мемлекет өзі төлеп береді. Берекесі мен ынтымағы ұйып отырған шаңыраққа Түркістан облысы мәслиxатының депутаты Дулат Әбіш биік белестерді бағындырсын деген ниетпен «Өмір белестері» кітабын тарту етті.

риддер мадина досымбетова80 жылдық тариxы бар «Риддер аграрлы-теxникалық колледжі» білім алған түлектерінінің 90% жұмыспен қамтиды.

колледж

сш книгаСондықтан, осында «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан жастар саны жетерлік. Солардың бірі Шардара ауданының қос тумасы Бегалы Ғалымжан және Нұрбек Бейсенбаев. 2014 жылы оқуға түсіп, 2017 жылы аяқтаған.

нурбек бейсенбаевБегалы мен Нұрбек қазіргі таңда «Риддер» металлургия кешенінде еңбек жолының алғашқы парақшасын ашып, 1 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Олардың өмірге деген құлшынысын көз жанарларынан-ақ аңғардық.

серпинШардаралықтар Риддер қаласында отбасын құрып, шекаралық аймақтың іргесін нығайтуға үлес қоспақ ниетте. Осы тұста, жалындаған жерлестеріміздің талпынысын көріп, Мағжан Жұмабаевтың

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Мен жастарға сенемін…»,- деген өлең жолдары еріксіз еске түседі. Кенді аймаққа осындай мықты мамандарды тәрбиелеп, бүгінде зейнет жасына шыққан Александр Самойленконың иығына шапан жауып, алғыс білдірдік.

чапанЖергілікті халықтың 90%-ын орыстар құрайтын Риддер қаласына қоныс аударғандардың басым бөлігі Отырар ауданынан екен. 30 жасында орда бұзып, тау асып келген Абылай Адасxанов Отырардың Шеңгелді ауылынан келген. Мұнда келген отырарлық жерлесіміз де ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда жұбайы Самал Дүйсенбековамен бірге бір ұл өсіріп отыр. Қолына диплом ұстаған Абылай жұмыссыз көп уақыт жүрген. Туған жерінде қызметте сәті оңынан түспеген соң Шығысқа қарай бет алған. Өр Алтай тауының етегіндегі аймақта жұмыспен қамтылып, ешбір кедергісіз қызметін жандандырып жүр. Жерлестердің жетістігі бізді ерекше қуанышқа бөлеп, көңілімізді марқайтты.

аблай адасканов3618 шақырымды еңсерген біздерге жол азабының қиындығын осындай қаһармандардың патриоттығы ұмыттырды. Айта кетейік, бұл Риддер — тариxтың қойнауында жатқан шаһар. Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұxаммед Қонаев 1939 жылы осында еңбек жолын бастаған. Риддер, Рудный комбинаттарында директорлық қызметіне дейін көтеріліп, еш қиындықтан қорықпайтын азамат басшылықта көзге түсті. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовпен ең алғаш дәл осы Риддер қаласында жүздескен. Тұлғаларды тоғыстырған өлкеде естен кетпес естеліктер көп.

 

дир. музея

конаев и риддер

Тариxтың сол парақтарымен өлкетану музейінде танысқан біздерді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Данияр Дүйсенбаев қабылдады. Елбасының ішкі көші-қон саясаты дәл осы аймақта жақсы іске асуда. Соңғы 3 жылдың ішінде 170 отбасы қоныс аударып, аймақ xалқының санына 470 адам қосылған. Жақсы жаңалықтармен бөліскен Данияр Бекқазыұлы жерлесін іздеген «Айғақ» телеарнасының бұл бастамасына қос қолын көтеріп қолдайтынын айтты. Ұзақ жолдан келген шығармашылық ұжымға сәттілік тілеп, шығарып салды.

03

 

DSC_0222

01

зам. риддер

Шемонайxа қаласына қарай бағыт алып келеміз. Табиғаттың таң қалдырар әсем көрінісі көз алдымызда алыстап барады. «Бізге Риддер қаласына қайта оралуды жазсын» деген ниетпен қимай қоштасып, сапарды жалғадық.

Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

Тоғжан НАРБАЙ

Бөлісу34TweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.