Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»МСҚ жыл басынан бері медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге төледі
    Денсаулық

    МСҚ жыл басынан бері медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге төледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.09.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова хабарлады. Айтуынша, аталған қаржы кепілдендірілген көмек шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне 6 қыркүйекке дейін аударылған.

    «Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 65%-ы», — деді Ботагөз Жақселекова.

    ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 768,4 млрд теңге. «Жұмыс кестеге сай медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр.

    Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», — деді Б.Жақселекова. Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1365 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен.

    Оның 623-і – жекеменшік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 158-ге көбейген.

    Ал олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 110,6 млрд теңгені құрады.

    Осы категория бойынша: « Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Жоғарғы сотқа шағымданбақ «Хабар 24» тілшілері тікелей эфирде жол ақысын жаңа жүйе арқылы төлеп көрді »
    24.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.