Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Кез келген қазақстандық өзі қалаған емханаға тіркеле алады
    Денсаулық

    Кез келген қазақстандық өзі қалаған емханаға тіркеле алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.09.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елімізде 2018 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясы басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат «ӘМСҚ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Әрбір азамат өзінің қалауы бойынша кез келген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін ала алады. «Елордада кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында тұрғындарға 51 ұйым қызмет көрсетеді.

    Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір өсті», — дейді Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары А.Амангелдиев. А.Амангелдиев тұрғындардың емхана таңдау барысында саналы түрде шешім қабылдап, үйіне, жұмыс орнына жақын немесе өзіне қолайлы деп тапқан мекемеге тіркелуге болатындығын атап өтті.

    Емханаға тіркелу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызмет көрсетушілер тізімінен емхананы таңдау қажет. Аталған тізім Қордың fms.kz сайтында орналасқан.

    Таңдау жасалғаннан кейін азамат ұйымның тіркеу бөліміне жеке куәлігімен келіп, бас дәрігердің атына өтініш жазуы қажет. Емханаға тіркелу барысында өтініш қабылданбайтын жағдайлар болады және оларды түсіністікпен қабылдаған жөн. Біріншіден, егер бір дәрігерге тіркелген адам саны екі мыңнан асып кеткен жағдайда.

    Бұл ретте тіркеуге өтініш жазған азамат қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұрып жатқан болса, оның өтініші қабылданбайды. Ал осы медициналық ұйымға қарайтын әкімшілік учаскесінің тұрғылықты тұрғынының өтініші ескеріледі. Екіншіден, емхананың қызмет көрсететін учаскесінен тыс аумақта тұратын адам үйге дәрігер шақырту қызметінен бас тартуға келіспеген жағдайда, ол азамат дәл осы емханаға тіркеуге тұра алмайды. Өйткені медицина мамандары дер кезінде науқастың үйіне көмек көрсету үшін берілген уақыт ішінде жаяу жетіп үлгермейді. Емханаға тіркелудің екінші жолы — онлайн тәртіпте, egov.kz порталы арқылы.

    Ол үшін азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болғаны жеткілікті. Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға келетін болсақ, олар емханаларға кедергісіз тіркеле алады. Азаматтар басқа БМСК ұйымына тұрғылықты мекен-жайын, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болғаннан кейін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған жағдайда, сонымен қатар, бұрынғы емханадағы қызмет сапасы көңілден шықпайтын болса басқа емханаға тіркеле алады.

    Естеріңізге сала кетсек, ӘМСҚ медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында «МСҚ:Халықтық бақылау» мобилді қосымшасын іске қосқан болатын. Мобилдік қосымша азаматтар үшін емхана таңдау мәселесін едәуір жеңілдетіні сөзсіз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.